БЕСАРЫҚ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫНДА

БЕСАРЫҚ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫНДА

Бесарық ауылы оңтүстігінде Өзбекстанның Бұхара облысымен шектесіп жатқан Тораңғылсай-Жаңадария каналын бойлай орналасқан Қызылқұмның етегінде түгін тартса майы шығатын құнарлы жері бар қасиеті мол мекен. Қазақ зиялылары: Серәлі Лапин – қоғам қайраткері, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін (1891 ж.) бітірген. Ләтипа Мұңайтпасқызы сән және қолданбалы өнер шебері. «Телікөлге» дейінгі әр төбе тұнған тарих. Атақты «Сыр сұлуы» әні осы ауылдағы жеті қызға арналған. Сол Бесарық бұл күндері көркейіп, жаңарып, жасарып келеді.

Бесарықта «Абай-Дәулет» серіктестігінің бастамасымен фри зауыты, «Ауыл аманаты» жобасымен наубайхана, кондитерлік және жартылай дайын өнім цехтары, жұмыс қолғабы, шұлық, пластик ыдыстар, сабын, ағаш бұйымдары өндірістері өз жұмысын бастады. «Қызылорда» супермаркеті мен дәмхана тұрғындарға жоғары сапалы қызмет көрсету үстінде. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев «Абай-Дәулет» серіктестігінің директоры Мұрат Абайұлына Бесарықтағы берекелі бастамалары үшін алғыс білдірді. Халқымызда «Ауылын көріп, азаматын таны» деген қанатты сөз бар. Туған жерді дамытуға, оны көркейтуге салынған инвестиция еселеп қайтады. «Абай-Дәулет» серіктестігінің директоры Мұрат Абайұлының осы іске қосқан зор үлесі өзгелерге де үлгі-өнеге. Біз де өндіріс орындары өркендей беріп, кәсіптеріне береке, табыс тілейміз. Жерді өз игілігіне пайдаланған аймақтың өзге шаруашылықтары да осы тәжірибені енгізіп, елді мекендерді қолдауға, халықтың әл-ауқатын арттыруға атсалысса, нұр үстіне нұр. Бұл күндері мемлекет қолдауын барынша пайдаланған аудан әкімдері кешенді жұмыс жүргізуде. Табан тірейтін туған жерімізге қолдау жасауға, ауылдарымызды одан әрі дамыту үшін бірлесіп жұмыс істеуге жұмылған. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Ауыл аманаты» бағдарламасын Сыр өңірінде жүзеге асыруға атсалысқан «АбайДәулет» серіктестігінің қызметкерлері, Бесарық ауылының тұрғындары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Іс-шара соңында қатысушылар жаңартылған «Адал адам» мәдени орталығының жұмысымен танысып, көрермен залында концерт тамашалады. Айта кетейік, «Абай-Дәулет» серіктестігі Бесарық ауылын көркейту, көгалдандыру, күрделі жөндеу жұмыстарына соңғы жылдары 730 млн теңгеден астам қаржы бөлді. Шаруашылық есебінен ауыл әкімдігі, мектеп, балабақша, мешіт ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді. Биыл 642 млн теңгеге мәдениет үйіне күрделі жөндеу, орталық алаңға қайта жаңғырту жүргізіліп, жаңа өндіріс орталығы бой көтерді. «Ауыл аманаты» жобасы аясында да тұрғындарға қолдау көрсетілуде.

Ауылдарда кепілдік мүлікке қатысты қиындықтар кезігетіні белгілі. Өткен жылы шаруашылықтың кепілдігімен «Сыр құсы» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, 27,6 млн теңге несиеге қол жеткізді. Биыл ауылда 1 мың шаршы метрлік шағын өндіріс орталығы салынып, 13 кәсіпкер өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды. Оның ішінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында 4 жоба, Өңірлік инвестициялық орталық арқылы 5 жоба және шаруашылықтың өз қаражаты есебінен 4 жоба бар, 25 жаңа жұмыс орны ашылды. Осы жобаларға 960 млн теңге инвестиция тартылды. Берекелі бастамалардың құтты мекеніне айналған Бесарықта ел қамын жеген шаруақор азаматтары, шарапатын тигізіп жатқан Мұрат Абайұлы сияқты инвесторы бар ауыл несібесі мол болары анық.

Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ
11.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 80
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 602
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 719
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 631
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 641

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8776
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8176
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11405
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9159
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10390