Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар.

Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар.

 

Оқу әрқашан қызықты болуы қажет. Сол кезде ғана жетістікке жетесің. Қызметтік қабілеттің бірден-бір қалыптасудың жаңа танымдық қатынасы апталық пәнді өткізу болып табылады.

 

 

Мектеп  оқушыларының  мотивациясын көтеру үшін біздің мектепте жыл сайын пәндік  аптылықтар  өткізіледі.

2021-2022 оқу жылының 24-қаңтар мен 29 қаңтар аралығында әдістемелік жоспар бойынша Қарағанды облысы, Нұра ауданы «Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде»  бастауыш сыныптар бірлестігінің «Математика айналамызда» тақырыбында апталық өтті. Бұл апталық оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастыруға заман талабына сай жол таба білуге арналды. Бастауыш сыныптар арасындағы апталық - бұл ұзақтығы бір аптаға  созылатын мереке. Оқушылар, мұғалімдер, барлығы апталыққа  белсене қатысты. Апталықты  өткізу бағдарламасы оқу ісінің әртүрлі формалары мен әдістерін көрсетті. Оқушылардың ойлау қабілеттерін белсенді жетілдіру мақсатында сайыстар, ашық сабақтар және сыныптан тыс іс- шаралар ұйымдастырлып, өткізілді.

 

Бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері математикалық апталыққа  ерекше көңілмен дайындалды. Апталық барысында  өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып, бекітілді.  Бастауыш сынып оқушылары оқитын мектептің 1 қабаты тақырыпқа, мерекеге сай шарлармен, апталықтың түсті қағаз бетіне басылған атымен, түрлі әдемі суреттермен, қабырға газеттерімен, гүлдермен безендірілді.

Апталық жоспары бойынша ашық сабақтар, байқаулар, математикалық ойындар, мектепішілік олимпиада, ертегі-ойын, танымдық ойын, сайыстар,  сурет және аппликация көрмесі  өткізілді. Барлық іс-шараларды  өткізу барысында біздің қонақтарымыз мектеп директоры оқу ісінің меігерушісі, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі пән мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері болды.

 «Математика алаңында» апта бойы қызықты шаршылар, математикалық сөзжұмбақтар, логикалық және қызықты есептер ілінді. Оқушылардың қызығушылықтары жоғары болып, аса белсенділік танытты.   Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды. Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілік қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.

Бастауыш сынып мұғалімдері: Акимжанова Д.К,  А.К. Кусаинова, А.К.Имашева, Н.Т.Ахметова, Д.Қ.Пшенбаева, М.Т.Сейткарина, С.С.Исабекова, Қ.М.Абишева  сабақ өткізу барысында  оқытудың белсенді түрлерін: интерактивтік дәріс, мастер – класс, тренингтерді пайдаланды. 

3 «А» сыныбында А.К.Кусаинова математика пәнінен өткізген «Құрылымы күрделі теңдеулер» сабағы,  Акимжанова Д.Қ  2 «Ә» сыныбында  өткізген   «Тең топтарға санау. Тең топтарға бөлу»,  4 «А» сыныбында  М.Т.Сейткарина «Бір бағытта қалып қою қозғалысы» тақырыптарында   командалық сабақтар  өткізу әдістерінің ерекшеліктеріне мән беріп, тиімділігіне назар аударды. Ұстаздар барлық сабақтарды  жаңаша, топқа бөліну арқылы, оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін арттыру мақсатын көздей отырып өткізді.

      Сондай-ақ, бастауыш сыныптар арасында мектепішілік математика олимпиадасы өте жоғары деңгейде өтті. Олимпиадаға әр сыныптан математикалық білімі жоғары оқушылар қатысы.  Дарынды оқушылар әр сынып деңгейіне қарай логикалық, қызықты есептер шығарды. Олимпиада  тапсырмалары балмен есептелінді. Мұнда ең жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушылар: 1 «А» Ералы Амира, Марал Амир, 1 «Ә» Даптар Зелиш, Дәлелхан Арланбек, 2 «Ә» Қалықберген Диас, Нұралы Сымбат, 3 «А» Орынтай Әлиасқар, Өмірзақ Айару, Сакенова Айсана, 3 «Ә» Байгуланова Жигер, Мансұр Даяна

4 «А» Болатхан Бекжан, Ташев Жантуар,4 «Ә» Дюсенов Алишер, Нұрлан Айтуар. Апталық арысында өткіілген іс-шараларға белсене қатысқан   оқушылар  әр түрлі сайыстардан орындар алғандары үшін салтанатты жиында марапатталды.

Апталықтың бір күні «Мөлдір бұлақпен» дос болайық!» деп белгіленді. Аталған күні  мектеп кітапханашысы З.Д.Жаншинаның ұйымдастыруымен  «Мөлдір бұлақ»  басылымынан өлең, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтар оқып,  тест сұрақтарының  шешімін тауып, математикалық тапсырмаларды таласа да қызыға орындады.  Бұл іс-шара оқушыларды ынталандырып,  журналдарға деген сүйіспеншілігін артты. Биылғы оқу жылынан бастап «Мөлдір бұлақ» журналына көптеген бастауыш сынып оқушылары жеке – жеке жазылып, көп нәрсемен таныс болып, тест тапсырмаларын орындап жүр.

Өткізілген  іс-шаралар   кезінде әрбір оқушының жүрегіне жол табу, әр оқушыға көңіл бөлу, әр оқушыға тапсырманы қызықтырып,  түрлендіріп берудің жолдарын өздері жаңаша тұрғыдан ойлауының өзі бастауыш  мұғалімдеріміздің жаңалыққа бет  бұрғандығының   айғағы деп айтуға тұрарлық. Оқушылар мен ұстаздар қауымы үшін апталықтың   ойдағыдай өткендігін арнайы дайындалған «сенім тақтайшасына» жазылған жағымды ойлар мен ажарлы тілектер дәлелдеді. 

         Жауапкершілік пен алдарында тұрған міндетті анық түсінетін Қарағанды  облысы, Нұра ауданындағы  «Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББМ»-нің бастауыш сынып мұғалімдері   «Математика айналамызда»  тақырыбындағы апталықтың  мазмұнды  өтуіңе бар білімдерін әрі біліктіліктерін ортаға сала білді. Әдістемелік бірлестіктің отырысында бастауыш сынып мұғалімдері өздері өткізген іс-шарасына өз талдауларын жасады, математика пәні  мұғалімдердің берген ұсыныс-пікірлерін  тыңдады.

Бекітілген  іс-шаралар уақытында, жоспарға сәйкес өткізілді. Апталық жоғарғы әдістемелік деңгейде, ұйымдасқан түрде өткізілді. Мұғалімдер жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетіп, мерекелік шығармашылық жағдай қалыптастырды. Оқушылар математикадан  жақсы білімдерін көрсетті, өздерінің білімдерін әр түрлі жағдайда қолдана білді, бір-біріне қолғабыстарын тигізді, күрделі сұрақтардың қиын жауаптарын тапты.

Қарағанды облысы, Нұра ауданы «Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББМ» директоры Кулпаш Дәукесқызы Жанкуатова.
03.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 53
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 162
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 162
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 306
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 306
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 526
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 477

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9181
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8580
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11808
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9577
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10788