Білім берудің жаңа жүйесі енгізілмек

Білім берудің жаңа   жүйесі енгізілмек

Бір заманда мектеп бағдарламасына енген  Сара Назарбаеваның «Өзін-өзі тану»  пәні  оқу жоспарынан алынып тасталыпты. Бұған қатты өкініп жатқан жұртты көзіміз шалмады.  Енді қазақ тілінде білім беретін 1-сыныпта «Әліппе/Ана тілі», орыс тілінде білім беретін 1-сыныпта «Қазақ тілі» мен «Букварь/Обучение грамоте» оқытылады. Шет тілдері бойынша қазақ тілінде оқытатын 1-сыныпта «Орыс тілі» мен «Ағылшын тілі», қазақ тілінде оқытпайтын 1-сыныпта «Ағылшын тілі» оқытылмайды. Бұл туралы  Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева мәлімдеді.

Сонымен қатар 1-сыныпта «Көркем еңбек» пәні екіге бөлініп, «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндері енгізіледі.  Ал «Өзін-өзі тану» пәні үлгілік оқу жоспарында барлық деңгейлерден алынады. Сонымен қатар 5-11 сыныптарда өткен оқу жылы оқытыла басталған «Жаһандық құзыреттер» міндетті вариативтер курсына өткізіледі. 

«1-сыныпта бірінші «Ана тілін» оқыту ұсынылады. Ана тілін бірінші тіл ретінде білу екінші және шет тілдерін табысты меңгерудің негізі болып табылады. Орыс тілін екінші тіл ретінде 2-сыныптан бастап енгізу ұсынылады. Бұл тілдердің бір-біріне теріс әсерін болдырмауға көмектеседі. Ал ағылшын тілін үйрену 3-сыныптан басталады. Бұл тәсіл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді және бұл тілдердің графикасын қабылдауда қиындықтарды болдырмайды», – деді Мадина Тыныбаева. Баяндамашы аталған өзгерістер алдағы жаңа оқу жылында тек 1-сыныпқа қатысты екенін атап өтті.

«Үлгілік оқу жоспарындағы соңғы өзгерістер ескеріліп, әдістемелік нұсқау хатқа толықтырулар жасалып, аймақтарға жеткізіледі», – деп өз сөзін  түйіндеді Мадина Тыныбаева.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 28
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 20
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 158
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 162
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 373
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 346
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 961

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9039
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8436
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11663
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9423
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10643