Бірліктегі көпфункционалды дене шынықтыру кешені

Бірліктегі  көпфункционалды  дене шынықтыру кешені

Спорт күні қарсаңында балалар мен жасөспірімдерге арналған 160 орындық жаңа нысан пайдалануға берілді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпараттан білдік.

Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев және олимпиада ойынының қатысушылары Абиба Әбужақынова мен Эсмигүл Куюлова қатысып, құттықтау лебіздерін білдірді.

– Бүгін Бірлік ауылында үлкен қуаныш! Бұл – бұқаралық спортты дамытудың кезекті баспалдағы. Бұл жерде түрлі спорт түрлерінен үйірмелер болады. Бұл кешенде жаттыққан спортшылар қалалық, облыстық, республикалық тіпті халықаралық жарыстардың жеңімпазы болсын  деген тілек білдіремін, – деді Ж.Бисембиев.

Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 1289, 68 шаршы метр. Мұнда ойын залы, үш жаттығу залы, медициналық бөлме және жуыну бөлмелері бар. Кешен іші заманауи спорттық құрал-жабдықтармен жарақталған. Сондай-ақ футбол, волейбол, бокс, дзюдо, джиу-джитсу және кикбоксинг сынды спорт түрлерімен 400 балаға дейін жаттыға алады.

Жаңа нысан облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «№2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің иелігіне беріледі.

Айта кетелік, облыста балалар мен жасөспірімдерге арналған 31 спорт мектебі бар. Оның 9-ы қалада, 22-сі ауылда. Мұндағы балалар мен жасөспірімдер саны – 19 751. Бұдан бөлек, қаржыландыру арқылы мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша 17 спорт түрінен тегін секцияларға 20 мыңға жуық бала қатысады. Сәйкесінше, облыс бойынша мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің саны – 148 710.

КҮМІС ҚАЛТЫКЕЙ
21.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 61
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 49
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 138
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 121
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 534
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 504
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 523
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 520
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 514
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 531
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 519

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9767
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9139
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12376
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10142
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11352