БИЫЛ МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНАН ТӨЛЕНЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІҢ МӨЛШЕРІ АРТТЫ

БИЫЛ МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНАН ТӨЛЕНЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІҢ МӨЛШЕРІ АРТТЫ
Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына қызметкердің табысынан 3,5% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар төлейді. Дара кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар да өз пайдасына әлеуметтік аударымдарды алатын табысының 3,5% мөлшерінде дербес төлейді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 6 әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда қорғауды көздейді: еңбекке қабілеттіліктен айырылу; асыраушысынан айырылу; жұмысынан айырылу; жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу; жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылу; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу.
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде «МӘСҚ» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Нұрахмет Искаков айтып берді. Ол қазіргі таңда міндетті әлеуметтік сақтандырумен 6,6 млн. адам қамтылғанын да жеткізді. Былтыр 340 млрд теңгеге жуық сомаға 1,1 млн астам адам төлем алған. 2005-2021 жылдар аралығындағы әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы-2,4 трлн теңгені құрады.
©️©️©️
«Биылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылуы жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5%-ға, 1 сәуірден бастап қосымша 4%-ға артты. Осылайша, бұл төлемдердің жалпы сомасы өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға өсті. Жұмыс істейтін азаматтар бұл төлемдерді базалық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша алады. Қордан еңбекке қабылеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді 81 665 адам, оның ішінде Жамбыл облысы бойынша 4 319 адам алуда. Егер бюджеттен алатындар үшін мүгедектік бойынша жәрдемақының орташа мөлшері 54 608 теңгені құраса, Қордан төленетін төлемді қоса есептегенде жалпы сома 84 353 теңгені құрайды», - деп атап өтті Нұрахмет Сейдахметұлы.
❇️Қордан асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді 54 215 адам, оның ішінде Жамбыл облысы бойынша 2 523 адам алуда. Егер бюджеттен алатындар үшін асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақының орташа мөлшері 45 627 теңге болса, ал Қордан төленетін төлемді қоса есептегенде жалпы сома 76 443 теңгені құрайды.
©️ Өңірлік коммуникациялар қызметі
01.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779