Биыл өңірде «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 134 үй салынады

Биыл өңірде «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 134 үй салынады

№22 орта мектепте өткен басқосуға ҚР Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ғали Кенжеахметов, облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбековпен білім ордасының ұстаздар қауымы және жергілікті тұрғындар қатысты. Кездесуде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Президент Жолдауындағы өмір сапасын арттыру бағыттарын атап өтіп, ондағы басымдықтарға кеңінен тоқталды.

— Президент бастамалары халық пен билік арасындағы сенімді арттырады. Жолдаудан кейін ел тарихының бүтін бір дәуірін қорытындылап, бетбұрыстың жаңа кезеңінің басында тұрмыз. Президент реформаларды әркім өзінен бастау керек екеніне назар аударғаны бекер емес. Жарқын болашаққа нық қадаммен жұмыс жасауға әрбіріміз үлес қосуға міндеттіміз. Жолдау бойынша облыста 11 ақпараттық-насихаттық топ құрылған. 130 мүшесі бар бұл топтарға негізінен қоғамдық ұйым өкілдері, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері енді. Олар қала, аудан, ауыл тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдауда. Мемлекет басшысы өз Жолдауында көппартиялы жүйені жетілдіру, мәжіліс пен мәслихаттардың рөлін күшейту, азаматтық қоғамды дамыту, биліктің халықпен кері байланысын нығайтуға айрықша назар аударды.

Осы тұрғыда жергілікті атқарушы органдарға да жүктелетін жауапкершіліктің жүгі ауыр. Соңғы сайлауда облыстағы мәслихат депутаттары 85 пайызға жаңарды. Олардың құрамында облыста қазір филиалдары жұмыс істейтін 5 партияның да өкілдері бар. Халықтың талабына сәйкес Қоғамдық кеңестердің де құрамы айтарлықтай өзгеруде. Өздеріңіз білетіндей, «Қаңтар оқиғасынан» кейін өңірде «Қоғамдық қабылдау» тобы құрылды. Оған қоғам белсенділері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері және тағы басқалар енді. Олар аудан, ауылдардағы жергілікті тұрғындармен кездесіп, өзекті әлеуметтік мәселелерді анықтап, тиімді шешілуіне жұмыс істеуде. Топ жұмысының алғашқы нәтижелері көңіл көншітеді. Әсіресе, «Қоғамдық қабылдау» тобы «Қаңтар оқиғасынан» кейін түсіндіру, ақпараттық жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда, — деді Б. Сапарбаев.

Кездесу барысында аймақ басшысы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 2020 жылы 99 үй, былтыр 134 үй пайдалануға берілгенін жеткізді. Ал ағымдағы жылы салынатын үйлердің саны 134-тен кем болмайды деп жоспарлануда. Сондай-ақ, «Таразға тарту» жобасы бойынша өткен жылы облыс орталығында 2,1 млрд.теңгеге 42 нысанда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ол биыл да жалғасын табады.

— Биылғы жылы «Жаңғырған Жаңатас» жобасы қолға алынады. Осылайша, тек облыс орталығын ғана емес, шағын қалалалар мен аудан орталықтарының да шырайын арттыруды көздеп отырмыз. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» шегінде 12,7 млрд.теңгеге демеушілер қаражаты есебінен облыс орталығында 10 əлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді, — деді Бердібек Машбекұлы.

Бұдан кейін, қала әкімі Ержан Жылқыбаев сөз алып, округтің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына тоқталып, келешекте атқарылатын жұмыстарды жеткізді. Шаһар басшысының айтуынша, биылғы жылы бұл аймақтағы 8 аула алаңдары абаттандырылып, 24 көшенің бұрылыстарына сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылмақ. Сонымен қатар, 16 көшенің бұрылыстарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Айта кету керек, есепті кезең ішінде бұл аумақта атқарылған жұмыстар аз емес. Оны тұрғындар көзбен көріп, сезіне алғаны анық. Негізгі мәселелердің шешімін табуы көңілдерге сенім ұялатып, сол жылы түйінін тарқамаған мәселелер биыл қолға алынатыны қуантады.

Мәселен, өткен жылы округ аумағындағы «Тектұрмас» этно-тарихи кешеніндегі «Көне қала» имараты «Әулие-Ата» ескерткішінің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек, мұнда 74 дана қылқан жапырақты, 82 дана ағаш көшеттері егілді. Бұл жұмыстар «Барысхан» аумағында да жалғасын тауып, онда 4 800 дана үйеңкі, қарағаш көшеттері отырғызылды. Өткен жылы жүзеге асырылған «Таразға тарту» жобасы аясында «Ана мен бала» скверінің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Қант зауыты» тұрғын алқабындағы Рафинад көшесінің бойынан жаңа үлгідегі әлеуметтік дүкен ашылса, 5,9 млн теңгеге №23 бөбекжай-бақшаға жылу жүйесі жүргізілді. Осындай игілік көріп отырған тұрғындар қала әкімінің жыл ішінде атқарған жұмыстарын жоғары бағалап, толайым табыстар тіледі.

Кездесуде облыс әкімі тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға толықтай жауап берді. Тұрғындар негізінен округ аумағында жасалып жатқан жұмыстарға көңілдері толатынын жеткізіп, ризашылықтарын білдірді. Қандай да бір тұрмыстық қиындық көріп отырмыз дегендер болған жоқ.

Жиын соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдауға келгендер көшелерді жарықтандыру, асфальттау, мектеп, медициналық пункт және балалар ойын алаңын салу және басқа да жайларға қатысты өздерінің өтініштері мен ұсыныстарын айтты. Бердібек Машбекұлы азаматтардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, бірқатар мәселер жөнінде түсінік берді. Сондай-ақ, тиісті мемлекеттік органдарға айтылған мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешу жолымен қолдау көрсетуге тапсырма берді.

Есен ӨТЕУЛИЕВ aqjolgazet.kz
31.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 79
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 84
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 327
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 549
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 495

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9200
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8597
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11824
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9593
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10807