БҚО-ға Алматы мен Ақтөбеден көмек келді

БҚО-ға Алматы мен Ақтөбеден көмек келді

 

 

Батыс Қазақстан облысында қардың күрт еруі мен бір күнде айлық жауын-шашынның болуы салдарынан жағдай күрделене түсті.

 Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде            432 тұрғын үйдің ішіне су кірген. Ал Сырым және Қаратөбе аудандарында күрделі жағдай қалыптасып отыр.

Сырым ауданында Өлеңті өзені деңгейінің көтерілуінен Өлеңті, Жымпиты, Бұлдырты ауылдарындағы тұрғын үйлерді су басқан. Сонымен қатар Сырым ауданының 5 елді мекенінде электр желісінде орын алған авариялық ажырату салдарынан ұялы байланыс болмай қалған. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Осы аудандағы Жымпиты, Бұлдырты, Өлеңті ауылдарында баспанасын су басқан тұрғындар туған-туыстарының үйіне орналасқан. Үш ауылдағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында Алматы қаласынан 50 әскери келіп, суды тежеуге және адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге жұмылдырылған.

 

 

 

Ал Қаратөбе ауданында Жақсыбай өзені арнасынан тасып, Қоржын ауылының тұрғын үйлеріне су кірген. Бұл елді мекеннің тұрғындары мектепке көшіріліпті. Бүгінде су қоршауында қалған қоржындықтарды Ақтөбеден келген 2 тікұшақпен қауіпсіз жерге оқшауландыруда. «АMANAT» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі «Жастар рухы» еріктілері Қаратөбе ауданы Аққозы ауылының тұрғындарына азық-түлік және киім-кешектей жеткізуге аттанғанын, сондай-ақ облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, партия қызметкерлері материалдық көмек ұйымдастырып жатқанын жеткізді. «Партиясының бастауыш ұйым төрағалары мен мүшелері, партияның белсенді азаматтары оқиға орнында халықпен бірге болып көмек көрсетуде. «Жастар рухы» белсенділері тәулік бойы кезекшілікте жүрген төтенше жағдай департаменті қызметкерлеріне ауызашар уақытында ыстық тамақ үлестіріп, қолдау білдірді. Сондай-ақ төтенше жағдай режимі жарияланған бірқатар аудандардағы елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдап, су басқан үйлердің жағдайымен танысу үшін облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, «Жастар рухы» белсенділері және облыстық партия филиалы қызметкерлері барды. Партия басшылығының шешіміне сәйкес, бірқатар облыстық филиалдар тарапынан облыс халқына материалдық көмек көрсетілетін болады» деп хабарлады облыстық филиалдың баспасөз қызметі. 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Батыс Қазақстан облысы

 

                                                        

 

28.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1039
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7089
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10937
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7154
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7298