Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады
Бүгін Жаңатас қаласындағы «Шах» кафесінде 1 маусым— Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, есепте тұрған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Бала деген бір бақыт» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов қатысып, балаларды және ата-аналарын мерекемен құтықтады.
Өмірлік қиын жағдайдағы балаларға арнайы дастархан жайылып, түскі ас берілді. Тәтті нан мен сусындар тарту етілді.
Өз кезегінде балалар да ән шашуларын тарту етіп, тақпақтар орындады. Ұйымдастырушылар тарапынан қойылымдар көрсетіліп, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанат Тілеубаев балаларға мерекелік сый-сыяпаттар табыс етті.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасарлары Қайрат Аманов, Еркебұлан Есмаханов мерекелік шараға келе алмаған балалардың үйлерінде болып, жағдайларын біліп, ата-аналарымен жолықты, балаларға сыйлықтар табыс етті. Әлеуметтік қызметкерлер түрлі ертегі кейіпкерлерінің киімдер киіп, балалардың көңіл күйлерін көтерді. Балаларға арнайы шығарылған жеке фотосуреттерін сыйлады.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
01.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5020
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5184
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20139
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18784
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22241