Бюджет келер жылы да Ұлттық қорға қол салмақ

Бюджет келер жылы да Ұлттық қорға қол салмақ

Қазақстанның 2022 жылға арналған бюджетінің жобасы дайын болды. Дефицит 3 триллион теңге болып, оны Үкімет Ұлттық қордан алмақ. Ұлттық қорға қол соза бергенше, бюджет шығыстарын кірістеріне сай етіп қысқартуға бола ма? Бұл сауалға сарапшылар: «Келесі жылы бюджеттің кірісі 12,8 триллион теңге, ал шығыны 15,6 триллион теңге болады деп жоспарланып отыр. Кірістердің 8,9 триллионы салықтан жиналады, 3,6 триллион теңгесі – трансферттік түсімдер. Ал шығындардың басым бөлігін әлеуметтік төлемдер, зейнетақы, жәрдемақы, бюджет қызметкерлерінің жалақылары құрап отыр. Келесі жылы бюджеттік дефицит жалпы ішкі өнімнің 3,3 пайызына жетуі тиіс. Бірақ бюджет шығынын қысқарту міндетті түрде әлеуметтік көмектің азаюына әкеледі. Ал ол билік үшін саяси суицидке тең»,— деп жауап берсе, TikMill халықаралық брокерлік тобының сарапшысы Арман Бейсембаев: «Еліміз ұзақ уақыттан бері өз шамасына қарамай, жылдан жылға тапқанынан көп жұмсап келеді. Бірақ басты мәселе осы шығындардың тиімділігінде болып отыр. Орасан көп сомалар экономикаға ешқандай пайдасын тигізбейтін, тіпті кері әсер ететін бағыттарға жұмсалады. Бұдан қарапайым адамдар зардап шегуі мүмкін. Сондықтан бюджетті қысқарту табандылық пен саяси ерік-жігерді қажет етеді. Бірақ қазіргі Үкіметте ондай батылдық, табандылық мүлде жоқ.

Ермек Сахариев
25.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6510
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6640
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21620
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20233
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23718