ЧЕМПИОНДАР ДАЯРЛАЙДЫ

ЧЕМПИОНДАР ДАЯРЛАЙДЫ
«Жоғары спорт шеберлігі мектебі» (ЖСШМ) – Жамбыл облысының спорт саласындағы маңызды мекемелерінің бірі. 2011 жылдың 23 қарашасында құрылған орталық жоғары жетістіктерге ұмтылған спортшыларды даярлайды.
Жоғары спорт шеберлігі мектебінің басты мақсаты – спортшылардың кәсіби деңгейін көтеріп, Қазақстанның ұлттық құрама командасына енетін үздік атлеттерді дайындау. Бұл бағытта мекеме:
• Олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу процестерін ұйымдастырады;
• Спортшылардың тактикалық және физикалық дайындық деңгейін арттырады;
• Әлемдік және республикалық жарыстарға қатысуға жағдай жасайды;
• Материалдық-техникалық, медициналық және әдістемелік қолдау көрсетеді;
• Жаттықтырушылар мен мамандардың біліктілігін арттырады.
Бүгінде ЖСШМ-де 11 спорт түрі бойынша 25 білікті жаттықтырушы жұмыс істейді. Оның ішінде 5 жаттықтырушы – «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие.
Жаттығатын спортшылар саны – 189 (161 негізгі, 28 ауыспалы).
Құрама командаларға енген спортшылар саны – 96 (ересектер – 50, жастар – 27, жасөспірімдер – 19).
Спорттық дәрежелері бойынша:
• 3 – ҚР еңбек сіңірген спорт шебері
• 18 – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері
• 50 – ҚР спорт шебері
• 118 – ҚР спорт шеберлігіне кандидат
Өткен жылы ЖСШМ спортшылары Олимпиада ойындары, әлем және Азия чемпионаттары, халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетті. Жалпы, 280 медаль жеңіп алды:
• 75 алтын
• 92 күміс
• 115 қола
Жоғары спорт шеберлігі мектебі алдағы уақытта да ел спортының дамуына үлес қосып, жаңа чемпиондарды тәрбиелеуді жалғастырады.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
26.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 160
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 162
ЖЕҢІМПАЗҒА КӨЛІК сыйға тартылды
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 09.10.2025 350

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18823
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18691
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33857
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32404
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36209