ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ТҮНДІГІН ТҮРДІ

ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ТҮНДІГІН ТҮРДІ
Ауданымыздағы Белбасар ауылын ел-жұрт қай кезде де бірлігі тарқамаған берекелі ауыл ретінде таныған.
 
Өйткені мұнда туған топырағынан жырақта жүрсе де өзінің туып-өскен ауылын өз баспанасын қамдағандай кем-кетігін түгендеп, тұрмысын базарлы етуге бар күшін жұмсайтын азаматтар бар.
 
Солардың бірегейі ретінде ауданымыздың Құрметті азаматы, меценат Болат Сауранбаевты айтуға болады. Жерлесіміздің Белбасар ауылының өркендеуіне, ауданның спорт саласын ілгерілетуге қосқан үлесі өлшеусіз.
Бүгін Болат Оспанұлының тікелей мұрындық болуымен өткен Социалистік Еңбек Ері, Белбасар ұжымшарының іргетасын қалаған Хати Сауранбаевты еске алу турниріне қатыстым.
Ала доп аламаны биыл 36-шы мәрте түндігін түріп отыр. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған дәстүрлі турнирдің шымылдығын ашып, спортшыларға сәттілік тіледік.

Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі
15.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5221
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5380
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20345
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18980
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22444