Депутаттар қоқыс полигондарын қалпына келтіруге мүдделі

Депутаттар қоқыс полигондарын қалпына келтіруге мүдделі

Бүгін Партия аудандық филиалының жанынан құрылған Өңірлерді дамыту және экологиялық мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері мен Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Көлбастау ауылының маңында орналасқан қоқыс полигонын жабу туралы тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағымдар бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, аталған полигон маңында орналқасқан егістік алқаптарына полиэтилен пакеттері ұшып, зақым келтіріп жатқаны, қоқыс полигонының сыртына тұрғындар қоқыс төгіп, мал өлекселерін тастағаны, сонымен қатар, полигон қоршауының да тозығаны анықталды.

Жергілікті тұрғындардың өтініші — аталған қоқыс полигонын жабу. Аталған мәселе бойынша комиссия мүшелері мәселенің шешімін тапқанша, қоқыс полигонының маңайына полиция қызметкері тәулік бойы кезекшілік жасайтынын жеткізді.
Ал әрі қарай күл-қоқысты Дихан ауылының сыртында орналасқан полигонға тастау қажеттігі айтылды.

Партия аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттағы «АMANAT» партиясының фракция жетекшісі Марат Нарымбеков аталған мәселе шешімін тапқанша фракция назарында болатындығын жеткізді.

Бақытжан Бекболат «AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының баспасөз хатшысы
03.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5214
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5372
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20338
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18973
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22436