ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕНДІ ШЫНЫМЕНЕН ҚАЗАҚҚА ҚҰДАЙ БЕРГЕН

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕНДІ ШЫНЫМЕНЕН ҚАЗАҚҚА ҚҰДАЙ БЕРГЕН

Димаш Құдайберген – шынымен қазаққа Құдай берген дарын иесі. Феномен. Қазақ ұлтын әлемге танытқан ұлылардың сарқыты. Маңдайы жарқыраған әлемдік деңгейдегі ұлы әнші. Бүгінгі таңда Димашты әлем таниды. Оның ерекше дауысына, қарапайым болмысына тәнті болған ғалам жұрты қазақ тілін үйренуге талпынуда. Жер бетінде қазақ деген дара, дана халықтың бар екеніне көздері жетіп, сол далаға бір келуді, Димаш туған өлкені бір көруді аңсап жүргендері қаншама! Димаш Құдайберген V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылу салтанатында өнер көрсетіп, еліміздің рухын бір көтеріп тастағанын қайтіп ұмытармыз. Соның заңды жалғасындай 13 және 14 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында Димаш Құдайбергеннің «STRANGER» атты жеке концерті өтті. Жиналған халықта қисап жоқ. Димаш үшін Қытайдан 3000, Еуропадан 2000 адам келгенін әлемдік және жергілікті БАҚ таласа жазуда.

Екі күн қатарынан өткен концертке 30 мыңнан астам көрермен келді. Бұл шара әлемнің 80 елінен келген 10 мыңнан астам шетелдік қонақтардың назарын аударды. Жанкүйерлердің дені АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Италия, Франция, Испания, Польша, Беларусь, Ирландия, Финляндия, Өзбекстан, Германия және тағы басқа елдерден келген әнсүйер қауым. Концерттің екі күнінде де «Астана арена» стадионы Димаштың жанкүйерлерімен толып, аншлагпен өтті. «STRANGER» атты жеке концертін Димаш еліміздің Әнұранымен бастады. Барша көрермен орындарынан тік тұрып, мемлекеттік гимнді шырқады. Концертті ұйымдастыру жұмыстарына 200-ден астам кәсіби мамандардан құралған топ атсалысқан. Сахнада Димашпен бірге Қазақстан, Қытай, Ресей, Украина, Камерун, Гана, Уганда, Мексика, Испания және Кения елдерінің бишілерімен қосқанда, оркестр мүшелері, әншілері бар 350-ден астам халықаралық топ өнер көрсетті. Бұл үлкен концерт әлемнің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздардың басын қосып, музыка мен мәдениеттің биігіне көтерілетін ерекшелігімен есте қалды. Әлемге әйгілі өнер жұлдызы Димаш Құдайберген Астанадағы концерті кезінде Ресей мен Украина арасында болып жатқан соғыс туралы пікір білдіргені қазір кеңінен талқылануда. Димаш кезекті әнін орындаған соң көрермендермен өзінің соғыс жайлы ойын бөлісті. Ол әлемде жүректі елжірететін, ұзақ талқылауды қажет ететін келеңсіз жайттар көптеп орын алып жатқанына өкініш білдірді. «Осы орайда мен түсінбейтін бір ғана нәрсе бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын және мына бертінде де шетелдік журналистер менен көбіне «Екі ел соғысып жатса, қай жаққа болысасыз?» деп сұрайды. Екі елде соғыс болып жатқан жағдайда бір елдікі дұрыс болсын, екіншісінікі бұрыс болсын, не істесеңіздер де, араларыңызда келіспейтіндер болса да, мен ешкімді қолдай алмаймын. Өйткені ана жақтан да, мына жақтан да сәбилер өледі», – деді Димаш Құдайберген. Еl.kz сайтының жазуынша, жанкүйерлердің басым бөлігі Димаштың екі күн қатарынан өткен екі концертіне де билет алған. Солардың бірі Орал қаласының тумасы Орынша Қуанқызы Испаниядан келген Димаштың фан базасын күтіп алғанын айтыпты. «Бүгін Димаштың он бесінші концертіне қатысып отырмын. Шетелде болған барлық концертіне қатыстым, тек АҚШ-тағы концертіне денсаулық жағдайыма байланысты бара алмадым. Испаниядан келген 80 адамнан құралған Димаштың фан клубын күтіп алдым. Олармен бірге Димаштың атынан үлкен қайырымдылық қор өткіздік. Бүгінде жасым 70-ке келді, 42 жыл медицина саласында жұмыс істедім. Зейнетке шыққаннан кейін Димаштың әлемдегі барлық жанкүйерімен етене араласып кеттік», – деді Орынша Қуанқызы. Жанкүйерлердің көбісі Димаштың суреті бар жейде, күрте мен плакаттарын алып келген. Димаштың тағы бір жанкүйері Мария Садықова да өз әсерімен бөлісті. Ол 12 жылдан астам уақыт бойы Димаштың өнер жолын бақылап, әндерін сүйіп тыңдайтынын айтты. Жасы жетпісті алқымдаса да, Димаштың әндері барлық аудиторияға арналған ерекше дауыс иесі екенін жеткізді. «Димаштың 10-нан астам концертіне қатыстым. Бүгінде шетелдік жанкүйерлермен бірге сағынышпен қауышып жатырмыз. Екі күн қатарынан өткен концертке де қатыстық. Әрине, бұл біз үшін аз. Алда тағы да көп концерттерін күтеміз», – дейді ол. Мария Садықова Димаштың шетелден келген жанкүйерлерін Бурабайға апарып, экскурсия жасағанын айтады. Сөзінше, шетелдіктер Қазақстанның табиғатына үлкен таңданыспен қараған. Сүйсінген. Концертке келген жанкүйерлер Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын да тамашалаған. Олар түркі халықтарының мәдениетіне қатысты көптеген тың мәліметтер жинағанын қуана жеткізуде. Солардың бірі Бени Мартинез Испаниядан Қазақстанға екі апта бұрын келіп, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына да қатысып, байрақты доданы үлкен қызығушылықпен тамашалағанын айтады. «Осымен Астанаға екінші рет келіп отырмын. Бұл елді қатты жақсы көремін. Димаштың өнеріне де құрметім зор», – деді испандық Бени Мартинез. Астанадағы концертінде өнерпаз жеті тілде ән шырқады. Әрине, басымдық қазақтың халық әндеріне берілді. Димаш Құдайберген ең жас – «Қазақстанның халық әртісі». Ол – ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі. Табиғат берген талантымен әлемді тәнті еткен еліміздің мақтанышы, бұлбұл дауысты әнші, біртуар азамат Димаш Құдайбергенге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары баға беріп, нағыз талант иесіне теңегені ел есінде.

Әнші 2019 жылы сәуір айында Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуында өнер көрсеткен болатын. Сол кезде Димаш Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездескен еді. Тоқаев әншімен бірге түскен суретін 16 сәуірде өзінің Instagram парақшасында жариялады. «Димаш Құдайберген – ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін», – деп жазды Тоқаев. Міне, Президенттің сол сенімі алдамады. Халықтың қарлығаш көмей ұлына деген ілтипаты күн өткен сайын күшейе түсуде. Себебі Димаш дара талантымен әлемді аузына қаратуда. Оған Астанадағы ән кеші куә!

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
19.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 47
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 106
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 21
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 51
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 49
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 106
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 136
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 139
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 129
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 136
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 142
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 136

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11265
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10201
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13448
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12402
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17410