"ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА" БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 1 ТАМЫЗЫНАН БАСТАП ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛҒАНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ!
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап "Дипломмен ауылға" жобасының сенімді агенті болып Отбасы банк тағайындалды.
Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді көздейді.
Өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданады.
Дипломмен ауылға" жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы otbasybank.kz порталында тіркелуі және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қоюы қажет.
Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда).
• Кредедиттің ең жоғары сомасы 1500 АЕК-ке дейін, кредит бойынша мөлшерлеме 0,01%-ға тең (ЖТСМ – жылдық 0,01%-дан басталады)
• Маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі.
• Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл.
• Негізгі талап – жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек.