«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» - ЖАСТАРҒА МОЛ МҮМКІНДІК

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» -  ЖАСТАРҒА МОЛ МҮМКІНДІК
«Дипломмен ауылға» жобасы - мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады. Толық атауы - ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну деп аталады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету Қағидасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 желтоқсанда № 9946 тіркелген.
«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға және салуға бюджеттік кредит беріледі.
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.
Бюджеттік кредит он бес жылға дейінгі мерзiмге 0,01 % мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;
Өткен 2023 жылдың сәуір айынан бастап аудан әкімдігінің шешіміне сәйкес «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы арқылы іске асырылып келеді.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
l) көтерме жәрдемақы алған кезде:
осы Қағидаларға нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
Кредиттік бюродан есеп;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
Кредиттік бюродан есеп.
Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.
2023 жылы “Дипломмен ауылға” жобасы бойынша 100 маманға аудандық бюджеттен 34,5 млн. теңге көтерме жәрдемақы, 30 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру үшін республикалық бюджеттен 155,3 млн. теңге қаржы қаралды.
Жыл басынан бері 30 маманға 10,4 млн. теңге көтерме жәрдемақы төленді.
Оның ішінде:
- Білім беру саласының 18 маманына 8,3 млн. теңге;
- Денсаулық сақтау саласының 1 маманына 345,0 мың теңге,
- Агроөнеркәсіптік кешен саласының 4 маманына 1,8 млн. теңге;
- Спорт саласының 1 маманына 345,0 мың теңге төленді.
Сондай-ақ 30 маманға жалпы сомасы 155,3 млн. теңгеге тұрғын үйлер сатып алуға бюджеттік кредит берілді.
Оның ішінде:
- Білім беру саласының 13 маманына 93,1 млн. теңге;
- Денсаулық сақтау саласының 4 маманына 20,7 млн. теңге;
- Агроөнеркәсіптік кешен саласының 3 маманына 31,1 млн. теңге;
- Мемлекеттік қызметші 2 маманына 10,3 млн. теңге;.
2024 жылы “Дипломмен ауылға” жобасы бойынша 100 маманға аудандық бюджеттен 36,2 млн. теңге көтерме жәрдемақы, 21 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру үшін республикалық бюджеттен 179,1 млн. теңге қаржы қаралды.
Міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес шілде айынан басталады.
Қызмет алушы барлық толық ақпаратты аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінен тікелей жүгіну арқылы немесе 2-42-52, 2-41-79 телефон нөмірлері арқылы алуына болады.
Еркін КЕНШІМОВ, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы
26.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 124
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 119
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 124
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 315
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 309
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 932

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9005
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8400
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11626
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9383
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10610