Диқандардың арманы

Диқандардың арманы

Төрт шырша... тәтті таңқурай

Көшбасшымыз – «Аманат» партиясының Жетісу облыстық филиалы төрағасының орынбасары, қоғамдық қабылдау бөлімінің бастығы Асхат Сейденұлы Досмұхамедов. Көп жылдар оқу бөлімінің басшысы, мектеп директоры, мұғалім болған. Әңгімешіл, жанындағы кісілерді әзіл айтып, көңілдерін көтеріп отырады. Ақындардың жырларын жатқа айтып, құлағыңның құрышын қандырады. Жақсы ұйымдастырушы. Партия жұмысы осы жайсаң азаматтың арқасында қыз-қыз қайнап жатады. Ал жүргізушіміз өздеріңізге таныс, ҚР Заңгерлер одағы Жетісу облыстық филиалының басшысы Нұрбек Құдайбергенов. Бұл азамат осы Ескелді ауданының сотында 6 жылдай табан аудармай жұмыс істеген. Нұрбек мынадай бір қызық жайтты айтып берді. 2003 жылы ауданға қызметке келгенде ол сот үйінің алдына 5 шырша егеді. Соның төртеуі өлмей, биік болып өсіп кетіпті. Арнайы барып Нұрекеңді шыршалар жанында суретке түсірдік. Тамаша емес пе?! Бізбен бірге тағы да «Аманат» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы Мирас Серікұлы мен облыстық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы Мақсат Исажанұлы аудан, ауылды аралатты. Осы тобымызбен таңқурай алқабына келдік. Күзгі жаңбыр толассыз жауып тұр. Алқап сыммен қоршалған. Таңқурай бітік өсіпті. «Жұманов» ЖК-нің басшысы Марат Жұманов екен. Бірнеше азамат бірлесіп осы ЖК-ны ашыпты. Мараттың өзі жоқ. Оның әріптестері Нұржан Оразов пен Далабай Жұманов екеуі біздің қойған сұрақтарымызға жауап берді. Өткен жылы олар «Аманат» жобасын естіп қуанып кетеді. Себебі бұл жігіттердің өзіндік армандары бар болатын. Табиғаты тамаша, жері құнарлы Жетісу өңірінде таңқурай жақсы өседі. Аяқ-су бар. Диқан жігіттердің қолдарын жоқшылық байлап жүрген. Ал мына жоба бар болғаны 2,5 пайызбен несие бермекші. Сөйтіп, қысқасы, 7,6 миллион теңге алып, олар шұғыл іске кіріседі. 2 гектар жерге былтыр таңқурай егеді. Біркелкі өсіп, жігіттерді қуанышқа бөлейді. Биыл екінші жыл. Қып-қызыл болып алғашқы өнім шықты. Ауа райының қолайсыздығынан өнімді аз берді. Біз де таңқурайды жеп көрдік. Тәп-тәтті. – Келер жылы, Құдай қаласа, мол өнім аламыз, – дейді Далабай сеніммен. – Ең бастысы су ғой. Ол бар, – деді Нұржан оның сөзін жалғастырып. – Көкейтесті мәселелер бар ма? – дедік оларды әңгімеге тартып. – Шіркін, – деді Нұржан, – біз еш жаққа қашып кетпейміз ғой. Кепілге қойған үй құнын жүз пайыз берсе!.. – Дұрыс айтады. Тағы бір мәселе бар. Ол – судың жетімсіздігі. Шұбар да, Шымыр да су өте тапшы. – Оның себебі неде? – Арықтар, арналар тазаланбаған. – Тағы бір көкейтесті мәселе – субсидия берсе… Жігіттерге сәттілік тілеп, біз әрі қарай кеттік.

31.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 43
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 574
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 688
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 603
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 612

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8749
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8149
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11378
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9132
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10363