Құлмағамбет Иманиязұлы Орынбор өлкесінің Тұзтөбе өңірінде дүниеге келіп, сол замандағы қоғамдық өзгерістердің куәсі болды.
Ол өз жырларында ел бірлігін, туған жердің тұтастығын жырлап, дарқан даланың тыныс-тіршілігін, халықтың тұрмыс-салтын көркем тілмен бейнеледі. Ақынның шығармалары сан алуан тақырыпты қамтып, оның сөз өнеріндегі шеберлігін айқын танытады. Ол Орынбор, Орал, Ақтөбе өңірлерінде ғана емес, Арқа даласы, Арал аймағында, Жетісу өлкесінде де болып, қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлық ерлік жырларын насихаттады. Жырау жырлаған оқиғалардың ізімен жүріп, тарихи жерлерді көзбенен көріп, жер-су атауларымен ел мен ру қоныстарын өз шығармаларына арқау етті.
Құлмағамбет жырау өз заманының белгілі өнер иелері – Тәңірберген Молдабай, Мұхит Мералыұлы, Мұрын жырау, Нұрпейіс Байғанин, Жамбыл Жабаев сияқты ақын-жыраулармен жүздесіп, олардың шығармаларын ерекше нақышына келтіріп орындаған. Өзі де терме, күй шығарып, айтыскер ақындармен сөз сайысына түскенде ешкімге дес бермеген. Жетісу өңірінде өткен бір айтыста қарт жырау Жамбыл Жабаев оның өнеріне ризашылығын білдіріп, өзінің тұтынған домбырасын сыйға тартқан. Бұл киелі домбыра бүгінгі күнге дейін ұрпақтарының қолында қастерлі жәдігер ретінде сақталып келеді. Жыраудың ел аузында сақталған тағы бір қыры – атбегілік өнері. Ол бәйгеге қосқан тұлпарларын баптап, талай додаларда озық шыққан. Бір айтыс үстінде бәсекелестер өз әйелдерін бәйгеге тігіп, Құлмағамбет жыраудың тұлпары алдымен келіп, бәйгеге тігілген жас келіншекті ұтып алғандығы жөніндегі әңгіме ел ішіне аңыз боп тараған.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Құлмағамбет жырау ел аралап, батырлық жырларды домбырамен орындап, халықтың рухын көтерді. Тылдағы ауыр тұрмысты бастан кешіп жатқан жандарға дем беріп, майдандағы жауынгерлерге көмек ретінде жылы киім-кешек пен қаржы жинауға белсене атсалысты. Сонымен қатар ол ән мен күйді шебер меңгеріп, домбырада «Маусымжан», «Сәулем-ай», «Ақтамақ», «Қамажай», «Қарағым, Бәтима» сияқты халық әндері мен термелерді орындап, ел арасына кеңінен таратқан. Өз өнерімен түрлі сахналарда танылып, халық ықыласына бөленген. Құлмағамбет жырау «Домбыра дастаны» атанған, айтыскер, суырып салма ақын, жырау, әнші әрі импровизатор ретінде қазақ руханиятында өзіндік орны бар тұлға. Құлмағамбеттің жұбайы Күнжұма Жақыпқызы (1901-2003) ұзақ ғұмыр кешіп, сегіз ұл-қыз тәрбиелеп өсірген. Немере, шөбере, шөпшек сүйіп, 102 жасында өмірден өткен. Бүгінде Құлмағамбет пен жұбайы Күнжұма Жақыпқызынан тараған ұрпақтары Жақсығұл, Сәттіғұл, Әмина, Ақкүлән Орынбор өңірі, Батыс Қазақстан аймағында өмір сүруде.
Қазақтың көрнекі жырауы, айтыскер ақын, әнші әрі күйші. Жастайынан өнерге жақын болып, сал-серілер дәстүрін жалғастырған.
Құлмағамбет жырау ел бірлігін, туған жердің тарихы мен тұрмысын жырлап, Орынбор, Орал, Ақтөбе, Арқа, Арал мен Жетісу өңірлерін аралап, халық өнерін насихаттаған. Ол жастайынан өнерге ден қойған. Белгілі ақын-жыраулармен жүздесіп, жырларын нақышына келтіріп орындаған, өзі де терме мен күй шығарған.
Жетісуда өткен айтыста Жамбыл Жабаев оның өнерін жоғары бағалап, батасын берген. Бұл жәдігер ұрпақтары қолында сақтаулы. Ел бірлігі мен туған жер тарихын жырлаған. Орынбор, Орал, Ақтөбе, Арқа, Арал, Жетісу өңірлерін аралап, халық мұрасын насихаттаған. Ұлы Отан соғысы кезеңінде ел рухын көтеріп, майданға көмек көрсету ісіне белсене қатысқан.
Домбырамен халық әндері мен термелерді орындап, қазақ руханиятында өзіндік із қалдырған.
Құлмағамбеттің жұбайы Күнжұма Жақыпқызы (1901-2003 жж.) ғасырдан астам өмір кешкен, бабалардан қонған аруақты батагөй, ақылман ана барды қанағат етіп, болашағына сеніммен қарап, қабілет мүмкіндігі бар елге танымал емші, түс жорушы және келешекті жобалап, жығылғанның ақ батамен жолын ашып, 41 таспен құмалақ салып, жоқшының көңілін бірлеген. Ұрпақ сүйіп немере, шөбере, немене көріп 102 жас жасаған.
Құлмағамбет Иманиязұлы мен Күнжұма Жақыпқызынан өмірге келген балалары – ұлдары Молдағали (1938-2014 жж.), Тұрсын (1940-2020 жж.), Сәттіғұл, Қашаған (1943-2017 жж.), қыздары Әмина, Ақкүлән 1944 ж.т. Ақкенже (1956-1997 жж.).
Әке жолын қуған қыз
Аруақты бабадан алтынның сынығындай көз болып қалған асыл жан – Бақтиярова Ақкүлән Құлмағамбетқызы. Ол 1944 жылдың 1 қыркүйегінде Орынбор облысы, Елек ауданы, Кардайлова ауылында дүниеге келіп, сол жерде өсіп-өнді. Орталау мектепті тәмамдаған соң, түрлі қызметтерде адал еңбек етіп, өмірдің талай белесін еңсерді.
Жұбайы Қуанышқали Бақтияровпен (1942–2018 ж.ж.) бірге тату-тәтті ғұмыр кешіп, бес перзентті тәрбиелеп өсірді. Балалары – Дәулет, Руслан, Мұхамбет, Сәуле, Гүлнар. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, бүгінде немере, шөбере сүйіп отырған ардақты ана.
Уақыт өте келе Ақкүлән Құлмағамбетқызы Ресейден Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласына қоныс аударып, нағашы атасы Жақып әулие жатқан қасиетті өңірге тұрақтады. Ақсай жерінен шаңырақ көтеріп, Бөрлі ауданына қарасты Ақбұлақ округі аумағында ғұмыр кешті. Сол маңда жерленген Жақып хазіреттің бейітін ағайын-туыстарымен, балалары және жиендерімен бірге жаңғыртып, қорымды қоршатып, басына түнек үй салдыруға ұйытқы болды.
Бұл игілікті іске Ақбұлақ, Ардақ, Ақатан, Қарақай ауылдарының абзал азаматтары, Ж. Молдағалидан тараған ұрпақтар – Әмина, Жақсығұл, Саттығұл, сондай-ақ жиендері Руслан мен Дәулет Бақтияровтар, Бауыржан мен Асылан Қожырбаевтар белсене атсалысты.
Ақкүлән Құлмағамбетқызы осындай сауапты іске үлес қосқан барша азаматтарға аруақты бабалар алдындағы перзенттік парызды өтеу жолындағы еңбектері үшін шынайы ризашылығын білдіреді.
Жібек АБДУЛЛИНА, өлкетанушы,
Батыс Қазақстан облысы,
Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы















