Допты хоккей: «Ақжайықтың» ірі жеңісі

Допты хоккей: «Ақжайықтың» ірі жеңісі

Допты хоккейден Ресей чемпионатында жоғары лига командалары арасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» Орынбордың «Локомотивімен» екінші кездесуін өткізді. «Жастар» стадионында өткен матчта оралдық маман Николай Шавалдиннің шәкірттері қарсыласын 13:4 есебімен ойсырата ұтты. Бұл ойында «Ақжайықтың» сұрмергені, ресейлік Михаил Пахомов алты голдың авторы атанды. Ол биылғы маусымда соққан гол санын 20-ға жеткізді. Сондай-ақ, ресейліктер Артем Лапшин мен Александр Слугин үш-үштен гол соқты. Нұрбол Бөкешов те айдыннан бос кетпей, тағы бір голды еншісіне жазды. Осылайша, 6 ойыннан кейін 15 ұпай жинаған оралдық команда өз тобында әзірге төртінші орында келеді. Бірақ, қарсыластарына қарағанда, «Ақжайық» матчты әлдеқайда кем өткізді. Батысқазақстандық клубтың келесі кездесулері 28-29 қаңтарда өз айдынында «Никельщикпен» (Верхний Уфалей) өтеді.

Ермек Сахариев
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 561
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 753
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 736

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19455
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19298
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34440
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32992
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36807