Е. Қарашөкеев: Басты мақсат – қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату жүйесін жолға қою

Е. Қарашөкеев: Басты мақсат – қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату жүйесін жолға қою

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.

Жалпы, елімізде қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобаларды жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа тетіктері әзірленді.

«Жасыл даму» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу технологияларын енгізу, қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу, қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған қалдықтарды басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға қаражат бағыттайды.

Қаржыландыру сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3 пайыздан аспайтын 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге қайтарымды қаржы болып табылады.

Сондай-ақ, қалдықтарды басқару саласындағы мамандандырылған кәсіпорындарға материалдық-техникалық базаны жетілдіруге қаржылық қолдау көрсету мәселесі жіті қарастырылуда.

Жиын барысында бірқатар ұсынылатын жобалар талқыланып, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков пен табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараевтың баяндамасы тыңдалды.

Бұдан бөлек, қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпорындардың өкілдері ұсыныстарын жеткізді. Олардың айтуынша, кәсіпорындар сұрыптау желісі мен арнайы техниканы сатып алуды жоспарлап отыр.

Аймақ басшысы жауаптыларға қалдықтарды басқарудың нақты жобаларын ұсынуды тапсырды.

- Жұмыс баяу жүруде. Өз жобаларын ұсынбаған аудандар да бар. Жауапты салалық басқарма кәсіпорындармен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жұмыстарды күшейту керек. Аудандарды күтпей, өздеріңіз барып, жағдайды түсіндіріп, түрлі нұсқаларды көрсетіңіздер. Басты мақсат – қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату жүйесін жолға қою. Қоқыс өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобалар ерекше бақылауда, - деді облыс әкімі.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
28.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 195
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 189
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 698
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 821
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 734

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8889
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8284
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11512
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9268
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10496