Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Шэньси Ифень» компаниясының директоры Тао Хуанмен кездесті.
Кәсіпорын 6 бағытта жұмыс істейді: тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысы, жол саласы, техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлау, ауыл шаруашылығы, қонақ үй және мейрамхана бизнесі, тау-кен өндіру саласы.
Ербол Қарашөкеев жауапты тұлғаларға өнеркәсіптің түрлі салаларындағы компаниямен өзара іс-қимыл перспективаларын зерделеуді тапсырды және іскерлік байланысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Облыс әкімі өңірлік нарықтың болашағы туралы айта келе, ұзақ мерзімді және нәтижелі ынтымақтастық үшін барлық жағдай жасалатынын жеткізді.