Е. Қарашөкеев жыл қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуді тапсырды

Е. Қарашөкеев жыл қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуді тапсырды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңейтілген әкімдік мәжілісінде 2024 жылдың 9 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бюджеттің атқарылуы қаралды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиеваның айтуынша, есепті кезеңде облыстың экономикалық өсімі 3,7 пайызды құрады.

Ең жоғары көрсеткіш құрылыс (20,6%), тұрғын үй құрылысы (2,3%), инвестиция (1,7%), сауда (2,1%), сондай-ақ көлік (13,5%) және байланыс (9,1%) салаларына тиесілі.

Негізгі капиталға 328,3 млрд.теңге инвестиция тартылды.

Өнеркәсіп құрылымында өңдеу секторының үлесі 65,2 пайызды құрап, 420,9 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. 9 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің құрылыс индустриясы саласында өсім 1,2 пайызды, дайын металл бұйымдарының өндірісі - 68,9 пайызды құрап, оң динамика қалыптасты. Сонымен бірге химия өнеркәсібінде сары фосфор өндірісі 12,3 пайызға артты.

Тау-кен өндіру саласындағы өсім 2,6 пайызды, электрмен жабдықтау – 14,7 пайызды, сумен жабдықтау – 7,8 пайызды құрады.

Бұдан соң Ербол Қарашөкеев көрсеткіштері төмен қалыптасқан аудан әкімдерінің есебін тыңдады. Тараз қаласы мен аудандарға жыл соңына дейін әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету міндеттеді.

Қаржы басқармасының басшысы Батырхан Әкек облыстық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасады. Ербол Қарашөкеев бюджет қаражатын тиімді және толық игеру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың, Жамбыл, Сарысу, Шу аудандары әкімдерінің баяндамалары жеке тыңдалды.

Кеңейтілген әкімдік мәжілісінің қорытындысы бойынша Ербол Қарашөкеев облыс орталығы мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бойынша жауаптылардың алдына бірқатар нақты міндет қойды.         

Бұдан бөлек, нысаналы көрсеткіштерді орындауда әкімдер мен басқарма басшыларының жеке жауапкершілігі барын еске салды.

- Ауыл шаруашылығы статистикасында жалған деректердің бары анықталды. Алдағы уақытта мұндай фактілердің жолын кесу қажет. Нақты ахуалды көрсетіп, жергілікті жердегі жағдайды бақылап, өзекті мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізу – өте маңызды, – деп түйіндеді облыс әкімі.

Жамбыл облысы әкімдігі
29.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 133
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 69
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 63
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 48
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 465
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 433
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 457
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 449
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 447
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 464
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 454
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 647

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281