ҚР Үкіметінің Қаулысымен Бауыржан Бақытұлы Омарбеков ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бауыржан Омарбеков 1983 жылы Түркістан облысында туған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Көп жылдар бойы қаржы саласында жауапты қызметтерде еңбек еткен. 2021 жылғы ақпаннан қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ілияс Ерікұлы Өсеров Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Ілияс Өсеров 1985 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Тұран-Астана университетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы экономика саласында түрлі жауапты лауазымдарда қызмет атқарған. 2019 жылдың мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.