Екі томдық «Ұлтнама» кітабында Сабыр Адай ұлт болмысының асқақ үнін, сырлы сазын жеткізген

Екі томдық «Ұлтнама» кітабында Сабыр Адай ұлт болмысының  асқақ үнін, сырлы сазын жеткізген

Сүйінші дана

 

 

Лирика мен эпикалық поэзияның қос тізгінін қолында мығым ұстайтын, исі қазаққа танымал таланттың, көрнекті ақын Сабыр Адайдың бұл екі томдық жинағы тұтас ұлт болмысының асқақ үні, сырлы сазы, әулиелі мекеннің әуезі. Мысалға «Ер Жалау», «Мырзалы хан», «Алаштың Әлімханы» атты поэмалары сүбелі еңбектің жемісі.

Иә, ҚР қайраткері, «Әр қазақ – менің жалғызым» деген бір ауыз сөзі ұлтының ұранына айналған ақын Сабыр Адайдың ұзақ жылғы шығармашылық жұмыстарының белесі ретінде «Ұлтнама» атты таңдамалы жыр-жинағын көпшіліктің назарына ұсынды. «Ұлтнама» атты таңдамалы жыр-жинағының II томына лирикалық сипаттағы зерделі ой, зерлі сөз, тұнба жырлары топтастырылған.

«Уыз Ана» атты шығармасында халқымыздың ұлттық болмысын, оның ішінде Ана тілін тұлғалық кейіпте сөйлетіп, жаңаша үрдіспен, сахналық қойылым нұсқасында жеткізген.

Ақын заманның зауалын және алаш арыстарын терең тебіреніспен толғайды. Түйін сөздер төрттағандар афоризмдік сипатымен тартымды.

Газетіміздің жанашыры, асқақ үнді өр ақын Сабыр Адайды бұл қос томды кемел кітабының жарыққа шығуымен құттықтай отырып, алдағы уақытта зор шығармашылық табыс тілейміз!

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
10.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 284
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 279
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 294
Ел болашағы –   өз қолымызда
Іңкәр БИТИМОВА - 23.05.2025 427

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13355
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13331
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28445
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27129
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30631