Екі-үш жылда Шуда ауыз су мәселесі толық шешіледі

Екі-үш жылда Шуда ауыз су мәселесі толық шешіледі

Алдымен Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев ауқымды баяндама жасап, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне тоқталды. Аудан әкімі барлық сала бойынша жілікке бөлгендей жетістігімен қатар кемшіліктерін де рет-ретімен баяндады. Бұл жиынға Шу ауданындағы ауыл әкімдері мен аудан әкімдігінің бөлім басшылары онлайн режімде қатысты.

Баяндамашының айтуынша, ауданда 6100 адам жер телімін алуға кезекке тұрыпты. Биыл Төле би ауылында 859 азаматқа, аудан бойынша 1449 жеке тұлғаға жер телімін беру жоспарланған. Аудан əкімі Сəкен Арубаев газ бен таза ауыз су бойынша келісімшартқа қол қойылса жұмысты бастап кететінін, жер телімдерін жыл соңында таратуға мүмкін болатынын айтты. Сонымен қатар тұрғын үй кезегіне тұрған азаматтарды баспанамен қамту жайын да сөз етті.

– Халықты тұрғын үймен қамту маңыздылығын жойған жоқ. Соның ішінде Асарлатып үй салу үрдісі бұрыннан келе жатқан халық дəстүрінде бар игі бастама. Оның қазіргі таңда тəрбиелік мəні зор. Ең бастысы, ол ауыл тұрғындарының басын қосады. Жастарға үлгі-өнеге көрсетеді. Екіншіден, салынып жатқан баспаналар нағыз мұқтаж адамдарға, көпбалалы, азқамтылған отбасыларға арналуы тиіс. Енді əрбір ауылдық округте осы жоба бойынша бір-бір баспана салуды тапсырамын. Оны ұйымдастыру ауылдық округ əкімдеріне жүктеледі, – деді аймақ басшысы.

Шу ауданында 35 елді мекен болса, оның 13-і таза ауыз сумен қамтылмаған. Биыл 6 ауылға қаржы қаралған. 2023 жылы Төле би ауылын, 2025 жылы ауданды таза ауыз сумен қамту толық шешімін таппақ. Осы сияқты ауданда 20 елді мекен табиғи газға қосылыпты. Елді мекендерді табиғи отынға қосуды аудан басшылығы алдағы екі-үш жыл көлемінде аяқтауды ниет еткен.

Осы аталған мəселелер бойынша облыс əкімі Нұржан Молдиярұлы бірқатар ауылдық округ əкімдерін, облыс əкімдігінің басқарма жəне аудан əкімдігінің бөлім басшыларынан таза ауыз су мен табиғи газ тарту барысы туралы нақтылап сұрады. Теміржол бойында орналасқан кейбір елді мекендерде ауыз судың бар болғаны 6 сағатқа берілетіні белгілі болды. Ал табиғи газ бойынша айтатын болсақ, аудандағы 41 көпқабатты үй көгілдір отынға қосылмапты. Осындағы 119 пəтердің 41-і газ балонын тұтынуда екен. Бұл тұрғындар үшін қауіпті. Мойынқұм ауылдық округіндегі елді мекен тұрғындары көгілдір отынды үйлеріне кіргізу үшін 400 мың теңгеден əрбір үй басынан қаражат жинауда.

– Əрбір аудан өз қаражаты есебінен бір елді мекенге модульді су жүйесін енгізуді тапсырамын. Бір елді мекенге таза су тартып беруді облыс мойнына алады. Ал көгілдір отынды əрбір аулаға тартқызу 400 мың теңгеден асырылмасын. Халықпен түсіндіру жұмысын жүргізу, мердігерлермен келіссөздер орнату ауыл əкімдеріне жүктеледі, – деді аймақ басшысы.

Жиында Шу ауданына қатысты басқа да мəселелер рет-ретімен қаралды. Жол жөндеу мен электр жүйесін жаңарту, сондай-ақ білім, денсаулық пен мəдениет салалары да назардан тыс қалмады.
Ауыл шаруашылығы бойынша атқарылған жұмыстар да талқыға түсіп, ауданда картоп, қант қызылшасын өсіру, инвестиция тарта отырып өндіріс ошақтарын жандандыру жайы да сөз болды. Тіпті билік назарынан жайылым мəселесі де тыс қалмады. Нұржан Молдиярұлы бейне байланыс арқылы ауыл əкімдеріне «Жайылым мəселесін шешу үшін барлық жағдай жасалды. Жер қорынан қажетті жайылым босатылды. Оның шешу жолы біреу, ол үшін ауыл əкімдері халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Сөйтіп, мал басы көп шаруашылықтарды сол жайлауға шығаруды ұйымдастыруы тиіс» деп түйді.

Жиынды қорытындылаған облыс əкімі Нұржан Нұржігітов аудан əкімі Сəкен Арубаевқа қадау-қадау тапсырмалар мен міндеттер жүктеп, ауданның əлеуметтік-экономикалық əлеуетін көтеруді тапсырды.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ, aqjolgazet.kz
22.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 66
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 537
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799