Экономиканың маңызды салаларын монополиядан арылту қажет

Экономиканың маңызды салаларын монополиядан арылту қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады. Серік Жұманғарин Мемлекет басшысына Қазақстан экономикасын монополиядан арылту жөніндегі реформалар аясында агенттікке берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде баяндады. Оның айтуынша, прокуратура органдары мен агенттіктің, сұйытылған мұнай газын көтерме саудада сататындардың қызметіне жүргізген тексеру нәтижелері бойынша 5,5 миллиард теңге қаржыға қатысты заң бұзушылықтар анықталған. Автомобиль газын бөлшек саудаға шығаратын 193 сатушы мекемеге салынған айыппұл көлемі 103 миллион теңгені құраған.  Сондай-ақ агенттіктің ұсынысы бойынша Энергетика министрлігінің сұйытылған мұнай газын электронды сауда алаңдары арқылы ұйымдастыру және сату тәртібіне өзгерістер енгізілген. Оның ішінде бағаның 10 пайыздық шегін 3 пайызға дейін түсіру де бар. Одан бөлек Серік Жұманғарин қазіргі уақытта «Eurotransit Nur Zholy»«Қазфосфат»«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ларына және «Каскор-Транссервис» акционерлік қоғамына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК»«Қазақтелеком»«Аймақ» ҚТА»«Транстелеком» сияқты акционерлік қоғамдарда, сондай-ақ азық-түлік тауарларын сататын сауда орындарын жалға беру қызметтеріне қатысты сауда нарықтарында, монополияға қарсы заңнаманың бұзылу белгілерін анықтау үшін талдау жүргізілуде. Кездесу барысында агенттік төрағасы президенттің монополиялық топтарға кешенді талдау жүргізу жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін мұнай және мұнай өнімдері, табиғи газ, электр энергиясы нарықтарын, теміржол көлігі, азаматтық авиация қызметтері, қоғамдық көлік, телекоммуникациялар, қаржы нарықтарын монополиядан арылту жөнінде ұсыныс айтты. Серік Жұманғарин негізгі тауар нарықтарын монополиядан арылтуға және бизнес үшін қолайлы бәсекелестік орта қалыптастыруға бағытталған Бәсекелестікті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірлеу барысы жөнінде де баяндады. Кездесу соңында мемлекет басшысы Қазақстанның болашағы үшін бәсекелестікті дамытудың маңызы зор екенін атап өтіп, экономиканың маңызды салаларын монополиядан арылту жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру жұмыстарын жалғастыруды және олардың сапалы орындалуына бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Ермек САХАРИЕВ
20.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 123
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 123
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 314
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 308
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 931

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9004
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8399
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11625
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9382
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10609