ЭКОЖҮЙЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН АГРОТЕХНОЛОГИЯ

ЭКОЖҮЙЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН  АГРОТЕХНОЛОГИЯ

Солтүстік Қазақстан өңірі фермерлері өсімдіктерді қорғаудың биологиялық баламаларына көше бастады. 

 Есіл ауданындағы  Покровка ауылында  2011 жылы құрылған «Стрелец» жеке кәсіпкерлігі картоп өсірумен қатар, биогумус өндіреді.

– Жаңадан істі бастаған кезде қиындықтар болды. Картоп өсірумен айналысатын ірі агроқұрылымдар көп. Олардың алқабы үлкен болғандықтан, өнім бағасы бойынша бәсекеге төтеп беру керек болды. Сол себепті біз алдымен топырақтың құнарын қайтарамыз және екіншіден сапаға жұмыс істейміз деп алдымызға мақсат қойдық. Яғни санға емес, сапаға жұмыс істейміз деп шештік, – дейді кәсіпкер Андрей Стрелец.

Сол себепті шаруашылық биогумус шығаруды қолға алады.

– Биогумус бізде «Владимирский старатель» жауын құртының көмегімен өндіріледі. Бұл жарты жылдық циклдың ішінде жүзеге асырылады. «Адымдаушы жүйек» технологиясын қолданамыз, бұл Ресейде пайда болған, сол жерде білімімізді жетілдіріп, қажетті құрттарды алып келдік. Жауын құрттың бұл түрі біздің климатқа бейімделген. Олар -4 градустан бастап ұйқыға кетеді, +16 градуста, көктемде оянады. Сұйық биогумустың ерекшелігі – оны кез келген уақытта, жаңбырлы күні де, өсімдіктің кез келген фазасында да енгізе беруге болады. Біз картоп өсірумен айналысамыз, сол себепті біздің ең басты тұтынушыларымыз алғашқыда көкөніс өсірушілер болды. Нарыққа келгенімізге 14 жыл болды, қазір биогумусты мал шаруашылығымен айналысатындар да сатып алады. Олар қиды қайта өңдеу үшін биогумусты қосады. Бұдан бөлек, гүл өсірушілер, саңырауқұлақпен айналысатындар, жем-шөп өсірушілер – жердің құнарын арттырғысы келгендердің барлығы арасында сұранысқа ие. Өйткені топырақ – егіншіліктің негізі, – дейді Андрей Стрелец.

Қазіргі уақытта жеке кәсіпкерлік бір жылда  4 мың тонна қиды қайта өңдеп, 2 мың тонна биогумус алады.

Органикалық тыңайтқышқа сұраныс өсіп келеді. Өйткені фермерлер минералды тыңайтқышқа қарағанда биогумустың анағұрлым пайдалы екенін біледі. Халық қазір химиялық қоспасы жоқ таза өнімді таңдайды.

Жеке кәсіпкер кәсіпорынды кеңейтуді жоспарлап отыр. Оның ішінде 200 тоннаға шақталған көкөніс қоймасын салуды қолға алмақ. Сондай-ақ былтырдан бастап қылқан жапырақты ағаштарды және жеміс бұталарын өсіретін питомникпен айналысып жатыр.

– 2010 жылдан бастап біз жылдық мөлшерлемесі 6% болатын мемлекеттік бағдарлама аясында лизингке техника алып келеміз. Картоп өсіруге арналған техника қымбат тұрады. Оны мемлекеттің қолдауынсыз алу мүмкін емес еді, – дейді фермер.

 

Нұрсайын ШӘРІП

15.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 198
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 198
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 213
Ел болашағы –   өз қолымызда
Іңкәр БИТИМОВА - 23.05.2025 360

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13271
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13250
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28365
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27050
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30545