Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тұғыры биік Теміртау» атты жас ақындар айтысы өтті

 Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған       «Тұғыры биік Теміртау» атты жас ақындар айтысы өтті

Теміртау қаласында алғаш рет облыстық "Тұғыры биік Теміртау" атты жас ақындар айтысы өтті. Сөз сайысына 14 ақын сынға түсті. Жыр додасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен "Жауыртаудағы кездесу" фестивалі аясында ұйымдастырылды.

Облыстық айтыста саңлақтардың қарымын Елбасының үзеңгілесі, Теміртау қаласының Құрметті азаматы Қуаныш Омашев, әнші, Құрмет орденінің иегері Сержан Мұсайын,   айтыскер ақындар Аханов Мақсат пен Дидар Қамиев, сондай-ақ  айтыстың төрағасы,ақын Қазақстанның мәдениет қайраткері Қойлыбай Асанов бағалап, қазылық етті.

Ойдың тұнығын, сөздің шымырын теріп, көрерменді қуантқан жыр жампоздарына қаржылай сыйақы табыс етілді. Үшінші орынды теміртаулық Ерғалиев Әлихан мен Шахтинск қаласының Байсүгіров Нұрмұхамед, екінші  орынды қарағандылық Рымбай Нұрсұлтан мен теміртаулық Тілеубек Жанарыс иеленді. Бірінші орынды теміртаулық Бекболат Еркеғали қанжығасына байлады. Сөз додасының нәтижесінде облыстық айтыстың бас жүлдегері болып- Шет аудандық Әділов Мұхтар танылды. Сонымен қатар, жыр додасында арнайы жүлделер тігілді: жаңаарқалық Бейсенбеков Сырымға Арғын Жүңісов атындағы арнайы жүлдесі,  қарқаралық  Оспанов Бекарысқа Жүрсін Ермановтың атынан арнайы жүлде табыс етілді.

Жомарт Шаймұрат
22.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5510
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5661
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20630
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19259
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22724