Ел үшін еткен еңбек өз нәтижесін береді.

Ел үшін еткен еңбек өз нәтижесін береді.
Сары даласынан талай саңлақтар мен қайраткерлер шыққан Сарысу өңіріндегі аға буын өкілдерінің ізін жалғастырған жасампаз ұрпақтардың қатары көбейіп келеді.
Жақында Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Айтбала Жолмаханова "Мәдениет саласының үздігі" атанып, арнайы төсбелгіні кеудесіне тақты.
Заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаев "'Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершіліктің ордасы деп білемін. Ал, кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын" - деп айтқандай, ауданымыздағы бірден-бір руханият ордасының жетекшісі, осы салаға бар саналы ғұмырын арнап келе жатқан Айтбала Әбухасқызын мәртебелі марапатымен құттықтаймыз.
Бұл марапат еңбегі қарапайым әрі маңызды, оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір бола білген, барлық кітапханашылардың жемісті еңбегі.
Марапат құтты болсын, Айтбала Әбухасқызы!
Қуанышты құрмет құтты болсын, кітапханашылар қауымы!
Сарысу ауданы әкімдігі
05.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 381
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 381
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 347

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20690
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20483
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35584
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34140
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38008