Елде зейнетақы мен зейнет жасы өсті

Елде зейнетақы мен зейнет жасы өсті

 

    2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 60,5 жасқа дейін өсті. Былтыр қазақстандық әйелдер зейнеткерлікке 60 жастан шықса, биыл ол 60 жас 6 айға дейін көтерілді. 2027 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы кезең-кезеңмен ұлғайып, 63 жасқа дейін жетеді. Осылайша ерлер де, әйелдер де құрметті демалысқа бір жаста шығады. Зейнет жасы: 2022 жылдың 1 қаңтарынан — 60,5 жас; 2023 жылдың 1 қаңтарынан — 61 жас; 2024 жылдың 1 қаңтарынан — 61,5 жас; 2025 жылдың 1 қаңтарынан — 62 жас; 2026 жылдың 1 қаңтарынан — 62,5 жас; 2027 жылдың 1 қаңтарынан — 63 жас болып өседі.

   Жалпы Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 2018 жылдан бастап көтеріліп келеді. Оған дейін нәзік жандылар 58 жасында зейнеткерлікке шығатын. Мәселен, ТМД елдері ішінде ең төменгі зейнет жасы Өзбекстанда екен. Көрші елде 25 жыл еңбек өтілі бар ерлер 60 жаста, ал әйелдер 20 жыл жұмыс істеп, зейнетке шыға алады. Зейнетке кеш шығатындар – Армения азаматтары. Ол жақта ерлер 65 жастан, ал әйелдер 63 жастан зейнетақы ала бастайды. Бірақ барлығының еңбек өтілі  25 жылдан кем болмауы қажет. Десе де Қазақстанда кейбір азаматтарға құрметті демалысқа ерте шығу мүмкіндігі берілген. Олар: бес және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер – 53 жас; Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында 1949 жылдың 29 тамызы мен 1963 жылдың 5 шілдесі аралығында кемінде бес жыл тұрған қазақстандықтар: ерлер – 50 жаста, әйелдер – 45 жаста зейнетке шыға алады.

Ермек САХАРИЕВ
11.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 66
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 538
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799