Елорданың жаңа көлік картасы

Елорданың   жаңа көлік картасы

Астананың жол-көлік желісін дамыту көлік кептелістерін жоюға және жаңа аудандардың интеграциясын арттыруға бағытталған. 2026 жылы жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын 50-ге жуық көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, бірқатар стратегиялық маңызы бар нысандардың құрылысы қарқынды жалғасуда:

Тілендиев – Бейсекова жолайрығы:

Екі деңгейлі жолайрықта инженерлік желілерді тарту жұмыстарының 90%-ы аяқталды. Көпірдің барлық 8 аралығы орнатылған. Биыл толық асфальт төселіп, барлық кіру-шығу жолдарымен бірге қозғалысқа ашылады.

Тәуелсіздік даңғылын жалғастыру:

Қабанбай батыр даңғылынан Е485 көшесіне дейінгі аралықта 8 жолақты магистраль құрылысының бірінші кезеңі жалғасуда. Жаңа жол Мәңгілік Ел және Тұран даңғылдарындағы көлік ағынын азайтуға мүмкіндік береді.

Төле би көшесін ұзарту:

Роза Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде асфальтбетон жабынының төменгі қабаты төселіп, жол жиектері орнатылды. Қазіргі уақытта жаяу жүргіншілер жолдарын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
11.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26079
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25529
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42924
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38738
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43326