ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ ҚҰРМЕТ

ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ ҚҰРМЕТ
Кеше Сарысу ауданының әкімі Марат Қырғызәліұлы Сарысу ауданының Құрметті азаматы, ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына еңбек сіңірген Тыныштық Бегматқызын 80 жас мерейтойына орай қабылдады.
 
Шараға аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен Талас ауданы әкімінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің басшысы қатысты.
Аудан әкімі М.Сұлтанғалиев Тыныштық Бегматқызының атқарған қызметіне алғысын білдіріп, Бердібек Мәшбекұлының «Алғыс хатын» табыстады.
Сарысу, Талас аудандары әкімдерінің құттықтау хаты мен сый-сияпаты табысталып, қызметтес болған азаматтар естеліктерімен бөлісті.
Бектөреева Тыныштық Бегматқызы 1942 жылы 8 ақпанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келген.
Т.Бектөрееваның еңбек жолы 1964 жылы Бүркітті ауылындағы М.Әуезов атындағы мектепте мұғалім болып бастады.
1969-1971 жылдары аралығында кешкі мектеп, 1971-1973 жылдары П.Морозов атындағы мектеп директоры қызметтерін атқарды.
1973 жылы Жаңатас қалалық Кеңесінің жауапты хатшысы, 1978-1990 жылдары қалалық Кеңес төрағасының орынбасары, 1990-1992 жылдары бөлім меңгерушісі болды.
1992-1994 жылдары Жаңатас қаласының зейнеткерлік қорының меңгерушісі, 1994-2000 жылдары Жаңатас қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
2000 жылдан 2008 жылдың наурыз айына дейін «Отан» республикалық саяси партиясының Сарысу аудандық өкілдігі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» ХДП Сарысу аудандық филиалы төрағасының орынбасары қызметін абыроймен атқарды.

2003-2007 жылдар аралығында Үшінші шақырылған аудандық мәслихаттың депутаты.
1970 жылы «Лениннің 100 жылдығына арналған» медалі, 2005 жылы «Отан» РСП «Белсенді қызметі үшін» медалі, 1998 жылы Жамбыл облыстық мәслихатының Құрмет грамотасы, 2001 жылы Сарысу ауданы әкімінің Құрмет грамотасы, 2002 жылы «Сарысу ауданының Құрметті азаматы», 2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы еңбегі үшін Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен», 2006 жылы «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалімен наградталған.
09.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 75
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 78
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 546
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 492

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9196
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8593
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11821
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9590
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10804