Еңбек адамдарына құрмет

Еңбек адамдарына құрмет

Оралда өткен «ORAL JASTARY: Еңбек мамандары алаңы» форумы жұмысшы мамандықтар бойынша үздіктерді марапаттаумен жалғасты. Бұл ауқымды іс-шараны қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырды. Форум жұмысына қала әкімінің орынбасары Аслан Тапишев, облыстық білім басқармасының өкілдері, «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының басшылығы, мансап орталығы мамандары, жұмысшы мамандық иелері, колледж студенттері және жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Қала әкімінің орынбасары Аслан Нұрланұлы өз сөзінде еңбек адамының қоғамдағы орнын ерекше атап өтіп, жұмысшы мамандықтарды қолдау бағытындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарына тоқталды. Жалпы «ORAL JASTARY: Еңбек мамандары алаңы» форумы шаһар жастары мен жұмысшы мамандық иелерін бір алаңға жинап, тәжірибе алмасуға, ақпарат алуға және пікір білдіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар жастарды еңбекке баулу, кәсіби бағдарлау және олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған өңірдегі жобалардың маңызы да сөз болды.

Форумнан кейін жұмысшы мамандық иелері арасында ұйымдастырылған «Жыл үздігі – 2025» байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Мұнда жыл бойы адал еңбек еткен еңбек адамдары «Үздік дәнекерлеуші», «Үздік құтқарушы», «Үздік жүргізуші», «Үздік IT техник», «Үздік құрылысшы», «Үздік электрик», «Үздік тігінші», «Үздік волонтер» аталымдары бойынша марапатталды. «Мемлекет басшысының бастамасымен биылғы жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануы елімізде еңбек адамына деген құрметті арттырып, кәсіби-техникалық білім беру саласын күшейтуге тың серпін берді. Осы бағытта өңірде жүйелі шаралар жүзеге асырылып, жұмысшы жастардың әлеуетін дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктер ұсынылып келеді. Бұл форумда да еңбек адамдары дәріптеліп, олардың жетістіктері жастарға үлгі ретінде көрсетілді» дейді ұйымдастырушылар.

 Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ,

БҚО, Орал қаласы

 

18.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21355
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21138
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 36357
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34736
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38709