Энергия тиімділік саясатының мән-мақсаты – экологиялық жүктемені азайту арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және энергия ресурстарын үнемді пайдалану, технологияларды жаңғырту. Сонымен қатар энергоменеджмент жүйесін дамыту және энергия тұтынуды нормалау, энергия сыйымдылығын төмендету, өндірістік процестерге «жасыл» технологияларды енгізу болып саналады.
Энергия тиімділік саясатының атқаратын міндеттері:
Энергия сыйымдылығын азайту: өндірілген өнім көлеміне немесе қызмет көрсетуге жұмсалатын энергия шығынын төмендету.
Технологиялық жаңғырту: ескірген жабдықтарды жоғары тиімділігі бар заманауи технологиялармен ауыстыру.
Энергоменеджмент жүйесін кіргізу: кәсіпорындарда энергияны бақылау және жоспарлау (ISO 50001), сонымен қатар тұтынуды жүйелі түрде талдау. Энергетикалық аудит: шығын көздерін анықтау, оларды жою шараларын белгілеу және бақылап, жоспарлау (ISO 50001), энергия ресурстарының пайдаланылуын тексеру.
Энергия тұтынуды нормалау: энергияны тұтынудың шекті нормаларын мемлекеттік деңгейде бекіту.
Экологиялық әсерді азайту: энергия үнемдеп, зиянды заттардың қоршаған ортаға аз шығарылуын қарастыру.
Міне, осы саясат Қазақстанның жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы барысында экономиканы әртараптандыру мен тұрақты дамудың басты қағидаты ретінде жүзеге аспақ. Бүгінгі кезеңде энергия тиімділігі – экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігінің өсуін, технологиялық дамудың, экономиканы жаңғырту мен әртараптандырудың барлық аспектілерін қарастырады.
Елімізде энергия тиімділігінің саяси тренді бар. Қазақстанның ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2025 жылға қарай кемінде 25%-ға төмендету 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарда бекітілген. Тәуелсіздік кезеңінде ЖІӨ энергия сыйымдылығы 56%-ға кемісе, бұл кезеңде әлемдік экономиканың энергия сыйымдылығы 26%-ға азайған екен.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатының негізгі құралдары:
- 2012 жылы қабылданған жаңа заң. Ол энергия үнемдеудің заманауи жүйесінің негізі болып саналады;
- энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары. Құжатта энергия сыйымдылығын төмендету айқындалады;
- «Энергия үнемдеу – 2020» мемлекеттік бағдарламасы. Мұнда 9 бағыт бойынша экономиканың түрлі секторларында энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды жеделдетуге бағытталған.
- Ұлттық энергия үнемдеуді дамыту институты айқындалды;
- Жапонияның тәжірибесі бойынша субъектілері 200 млрд теңгеден астам мөлшерде үнемделіп, Мемлекеттік энергетикалық тізілім жасалды.
- жылда 2 млрд теңгеге бағаланатын энергия аудитінің жаңа нарығы құрылды;
- энергия тиімділігі картасы болып табылатын «Бес институциялық реформаны іске асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспарының 59-қадамын іске асуда. Бұның шеңберінде энергия сервистік қызметтер нарығы дамуда.
- Стратегиялық серіктестермен ынтымақтастық жолға қойылған Дүниежүзілік банк, БҰҰ Даму Бағдарламасы, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Герман энергетикалық агенттігі жолға қойылған.














