Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Alina Group» ЖШС-нің вице-президенті Заур Халафовпен кездесті.
Өңіріміздегі өндіріс орны жылына 150 мың тонна құрылысқа арналған гипс және 350 мың шаршы метр плита шығарады.
Жаңа зауытта құрғақ және құрылыс қоспалары шығарылатын болады. Қазіргі таңда мұнда 100-ден аса жаңа жұмыс орындары құрылды. Ал зауыттың жобалық қуаттылығы – жыл сайын 400 тоннадан астам өнім шығару.
Компания облыс аумағында лак-бояу өнімдерін өндіруді жолға қоюды жоспарлауда.
«Alina Group» ЖШС өткен жылдың қараша айында бояу өнімдерін шығаратын ірі өндірушілердің бірі – Nippon Paint Holdings Co. Ltd халықаралық стратегиялық инвесторын тарту туралы шешім қабылдаған. Оның штаб-пәтері Жапонияда орналасқан
Кездесу барысында жапондық компаниямен ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Ербол Қарашөкеев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы жұмыстарға баса назар аударудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, облыс әкімі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларына жаңа жобаны сүйемелдеу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.