Ербол Қарашөкеев: Инвесторларды тартып, кәсіпорындар ашуға күш салу қажет

Ербол Қарашөкеев: Инвесторларды тартып, кәсіпорындар ашуға күш салу қажет

Өткен жылдың қорытындысымен Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші 102,4 пайызды құрады.

Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжілісте айтылды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева өткен жылдың қорытындысы туралы баяндады.

Оның айтуынша, өңірімізде ауыл шаруашылығынан өзге салаларда оң динамика қалыптасқан. Мәселен, өнеркәсіп саласындағы өсім 100,1 пайызды, құрылыс – 118,7, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 4,7 инвестиция – 17,3 пайызды құраған. Сондай-ақ, өнеркәсіп саласында 847,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.

Алайда, бірқатар аудандарда кейбір жоспарлы көрсеткіштердің тиісті деңгейде орындалмағаны анықталған.

Аймақ басшысы көрсеткіші төмен бірқатар басшылардан жауаптар алып, жұмысты ширатуды тапсырды.

Мұнан соң, қаржы басқармасының басшысы Батырхан Әкек бюджет қаражатының игерілу барысын хабарлады.

Ол 2023 жылға арналған облыс бюджетінің кірістері жыл қорытындысымен 647,6 млрд. теңгеге (103,3%) және меншікті кірістер жоспары 115,7 пайызға орындалғанын жеткізді. Бірақ, Жамбыл және Мойынқұм аудандарында кірістер былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір кеміген.

Облыс әкімі жауаптылардан тиісті жұмыстардың уақтылы атқарылмау себебін сұрап, бюджет қаражатын игеру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиын барысында Меркі және Қордай аудандары әкімдерінің есебі тыңдалды.

Ал, облыстың агросаласындағы жұмыстар жөнінде баяндаған ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітековтің айтуынша, 2023 жылы облысымызда агросаланы дамытуға 77,5 млрд.теңге бөлініп, 11 мыңнан астам шаруаға қолдау көрсетілген.

Нәтижесінде жыл қорытындысымен 567,2 млрд.теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 97, пайызға айналған.

Басқарма басшысы биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 770 мың гектарға орналастыру жоспарланып отырғандығын айтты.

Облыс әкімі ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар жайттарға назар аударып, аталған басқарма басшысынан өткен жылмен салыстырғанда өңірімізде қызылша алқабының азаю және жұмыртқа өндірісінің төмендеуін себебін сұрады.

Аймақ басшысы аймақта өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін арттыру қажеттігін баса айтып, жауаптылар инвестиция тартуға мүдделілік таныту керектігін ескертті.

- Әрбір кәсіпорын халықтың әл-ауқатын арттыруға, тұрмыс деңгейін көтеруге ықпал ететіні сөзсіз. Сондықтан ел игілігі үшін билік пен бизнестің тығыз жұмыс істеуі маңызды. Негізгі міндет – халықтың табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу. Жаңа инвестициялық жобаларды қолдап, кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыру керек. Бұл жұмысты әлі нақты түсінбейтіндер бар.

Қолда бар бюджет қаражатын тиімді игере алмай отырған басшылар да жоқ емес. Бірқатар басқармалар мен аудандарда экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштер толық орындалмаған, - деген Ербол Қарашөкеев Меркі және Қордай аудандарының әкімдері мен ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына қатаң сөгіс жариялады.

Басқосу соңында аймақ басшысы мемлекеттік сатып алудағы бірқатар жайттарды айрықша атап өтіп, «бір көзден» сатып алу тәсіліне жол берілмеу керектігін еске салды.

Жамбыл облысы әкімдігі
30.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 208
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 204
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 709
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 832
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 746

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8903
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8297
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11525
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9281
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10509