Ербол Қарашөкеев құрылыс нысандарын тексерді

Ербол Қарашөкеев құрылыс нысандарын тексерді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Байзақ және Жамбыл аудандарындағы бірқатар нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Аймақ басышы алдымен Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысын көрді. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында бой көтеріп жатқан нысанның құрылысы мердігер «Тараз Құрылыс Дизайн» ЖШС жүргізуде. Заманауи талаптарға сай салынатын мектепте жергілікті оқушылардың алаңсыз білім алуына барлық қолайлы жағдай жасалады.

Облыс әкімі білім ошағының құрылысын ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегіне дейін аяқтауды тапсырды.

Биыл облыс бойынша 12 «Жайлы мектептің» құрылысы басталады десек, оның 7-і ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сондай-ақ, Ербол Қарашөкеев аталған ауылдағы және Жамбыл ауданы Қаракемер ауылындағы спорт кешендерінің де құрылысын тексерді.

Аймақ басшысы жауаптыларға құрылыс жұмыстарының сапасын,  мерзімін және қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауда ұстау бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Жалпы, осы жылы 206 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүзеге асады, оның 159-ы ағымдағы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, облыс әкімінің жергілікті жердегі мәселелермен, құрылыс алаңдарындағы жағдайлармен танысу мақсатындағы аудандарға жұмыс сапары әр апта сайын жалғасатын болады.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
17.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ДИМАШ "ƏНШІ ЕМЕС", ОҒАН АТАҚТЫҢ ДА    КЕРЕГІ  ЖОҚ!
Аймұханбет Бейсембеков - Шəкірім атындағы университетінің профессоры. 18.04.2019 Қарағайлы. - 17.05.2024 47
ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 96
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ДАНА АРНАЙЫ КИІМ ТІГЕТІН ФАБРИКА САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 54
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 47
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ» ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНАН БІЛІКТІ КАДРЛАР ШАҚЫРЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 50

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1547
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7583
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11459
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7625
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7786