Ербол Қарашөкеев таластықтардың талап-тілегін тыңдады

Ербол Қарашөкеев таластықтардың талап-тілегін тыңдады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданының тұрғындарымен кездесті. Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен жиында тұрғындар көкейдегі сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

Облыс әкімі алдымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндап, негізгі мақсат-міндеттерді атап өтті.

– Бүгінде өңірде 81,7 мыңға жуық жұмыс орны құрылған, оның 64 мыңнан астамы – тұрақты. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 66 мыңнан астам адам тартылды. Оның 27,6 мыңы жастар, — деді аймақ басшысы.

Ербол Қарашөкеев аймаққа инвестиция тартудың маңыздылығын айтты.

– Мемлекет басшысының инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу бойынша нақты тапсырмасы бар. Әр ауданда жаңа кәсіпорындар, жұмыс орындары құрылуы тиіс. Инвесторлардың жобаларына жан-жақты қолдау көрсетуіміз қажет. Бұл экономиканың артуына, азаматтарымыздың тұрақты жұмыспен қамтылуына ықпал етеді, — деген облыс әкімі өңірдің әлеуетін тиімді пайдалануды тапсырды.

Бұдан бөлек Қаратау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту жұмыстары баяу жүргізіліп жатқандығын айтып, жауаптыларға құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.

– Азаматтарды тұрғын үймен қамту мәселесі тұрақты бақылауды қажет етеді. Өйткені, қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігін баспана мәселесе алаңдатады, — деді Ербол Қарашөкеев.

Айта кетейік, биыл түрлі бағдарламалар аясында облыста пайдалануға берілетін пәтер саны өткен жылмен салыстырғанда 227,1 пайызға артады деп жоспарлануда. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал тобын тұрғын үймен қамту көлемі де екі есеге дейін ұлғайтылмақ.

Сондай-ақ облыс әкімі аймақтағы өзекті мәселелерді атап өтіп, аудан әкімі мен орынбасарларынан есеп алды.

Сұрақ-жауап бөлігінде тұрғындар түрлі мәселелерін көтеріп, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Атап айтқанда, олар мектептерді күрделі жөндеуден өткізу, көше жолдары мен су арналарын ретке келтіру, субсидия алу секілді көптеген сауалдарын қойды.

Облыс әкімі барлық мәселе назарға алынатынын баса айтып, жауаптыларға зерделеу жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырма берді.

Кездесуден соң Ербол Қарашөкеев бірқатар аудан тұрғындарын жеке қабылдады.

Жамбыл облысы әкімдігі
26.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 148
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 144
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 658
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 778
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 691
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 701

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8841
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8238
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11465
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9222
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10449