Ербол Қарашөкеев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында топ жарған жамбылдық спортшыларды марапаттады

Ербол Қарашөкеев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында топ жарған жамбылдық спортшыларды марапаттады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген жамбылдық спортшылармен кездесті.

— Баршаңызды бүкіл әлем көз тіккен айтулы додадағы жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер қазақ спортына, оның ішінде ұлттық спортқа өлшеусіз үлес қостыңыздар. Мемлекет басшысының, жанкүйерлердің сенімін ақтап, батырға тән ерлікті, бірлікті, елдікті көрсеттіңіздер.
Сіздердің бүгінгі жетістіктеріңіз – ертеңгі жеңістеріңіздің бастауы, – деген облыс әкімі шын таланттарды танып, спортшыларды баптаған бапкерлерге алғыс білдірді.

Ербол Қарашөкеев 2026 жылы Қырғыз Республикасында өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да жамбылдық спортшылардың топ жарып, үлкен жеңістерге қол жеткізетініне сенім білдірді.

Басқосуда ұлттық спорт түрлерінен «Әулие-Ата» кәсіпқой клубының директоры Нұрдәулет Момынов сөз алып, қолдау көрсеткен Мемлекет және облыс басшылығына спортшылардың атынан алғыс білдірді.

Айта кетейік, жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орыннан көрініп, 112 медаль иеленді (алтын — 43, күміс — 32, қола — 37).

Оның ішінде өңірден шыққан 17 спортшы көкпар, қазақ күресі, бәйге, құсбегілік, көкбөрі, кураш (өзбек күресі), ашыртмалы аба гюреши (түрік күресі) сынды спорт түрлерінен жоғары нәтиже көрсетіп, 7 алтын, 7 күміс, 3 қола жүлдеге қол жеткізді.

Салтанатты шарада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарына құрмет көрсетіліп, қаржылай сертификаттар табысталды.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
17.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 382
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 383
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 348

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20694
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20486
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35587
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34143
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38011