Ербол Қарашөкеев Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне барды

Ербол Қарашөкеев Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне барды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жеңіс мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтады.

Алдымен аймақ басшысы қарт майдангер Мүтәліп Ережепбайға құрмет көрсетіп, Мемлекет басшысының арнайы Құттықтау хатын оқып берді.
98 жастағы ардагер Талас ауданының тумасы. Ол 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Жеңістен соң әйгілі Брест қамалын қалпына келтіруге қатысқан. 1950 жылы елге оралып, партия жұмыстарына белсенді араласып, журналистика саласында да жауапты қызметтер атқарған.
Ардагер II дәрежелі Отан соғысы орденімен және мерекелік медальдармен, грамоталармен марапатталған. Талас ауданының Құрметті азаматы. Шығармашылықты да серік еткен Мүтәліп Ережепбай «Атақоныс», «Өлеңім-өмірім» сынды бірқатар жинақтары жарық көрген.
Облыс әкімі Иван Макеевтің шаңырағына да барып, Президенттің Құттықтауын хатын табыстады. Майдангердің отты жылдардағы ерлігі мен қайсарлығын атап өтті.
Иван Макеев 1927 жылы дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Забайкалье майданында ерекше мақсаттағы радиодивизионның барлаушысы қызметін атқарды. Харбин, Мукден, Чань-Чюнь қалаларын азат ету шайқастарына қатысты. Ішкі істер саласында жауапты қызметтерді абыроймен атқарған.
Отан соғысы орденімен, бірқатар мерекелік медальдарімен марапатталған.
– Бабалар рухына тағзым етіп, ардагерлерімізді ардақтау, олардың ерлік жолдарын ұрпаққа үлгі ету азаматтық парызымыз. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды! Арамыздағы өздеріңіз секілді ардагерлер мен тыл еңбеккерелеріне, сол кезеңнің куәгерлеріне деген құрмет, көмек көрсету – бүгінгі ұрпақтың негізгі міндеттерінің бірі, — деді облыс әкімі.
Өз кезегінде тарихтың өзі, өткеннің көзі болған соғыс ардагерлері естеліктерімен бөлісіп, зұлмат күндердің енді қайталанбауын, ел мен жердің амандығын тіледі.
Сондай ақ, бұл күні облыс әкімінің орынбасарлары ҰОС-ның ардагерлері Григорий Нещеретневтің, Шалданбай Шанбаев пен Геннадий Ивановтың шаңырағына барып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Байзақ ауданының әкімі қарт майдангер Рахымжан Мамралиевтің, Меркі ауданының әкімі 100 жастағы Әзім Жармұхамбетұлының шаңырағына барып, ардагерлерге құрмет көрсетті.

Жамбыл облысы әкімдігі
08.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 148
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 144
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 658
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 778
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 691
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 701

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8841
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8238
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11465
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9222
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10449