Еріктілердің ерен еңбегі

Еріктілердің ерен еңбегі

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жамбыл облысында ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін Жаңатас қаласында еріктілердің қатысуымен тазалық шаралары атқарылды.
Облыс әкімінің бастамасымен өткен шара барысында әр ауданнан келген 200-ге жуық ерікті-жастар Жаңатас қаласында орын алған су тасқынынан бүлінген аумақтарды тазалауға, реттеуге атсалысты.
- Қайырымдылық – халқымыздың қанында бар қасиет. Ежелден жұрт болып жұмылып, ағайын-бауырларға қол соза білген елміз. Осындай игі істің жанынан табылу ерлік деп білемін — деп атап өткен облыс әкімі жастардың жалынды бастамасына алғыс білдірді.
Сондай-ақ аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев аудандағы төтенше жағдай салдарын жою шараларын бақылауға алып, су басқан баспаналар мен аулаларды аралап, тұрғындардың жағдайымен танысты. Олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, назарға алды.
Облыс әкімі мемлекет тарапынан барлық көмектер көрсетілетінін, зардап шеккен тұрғындардың ешқайсысы қолдаусыз қалмайтынын жеткізді. Жауаптыларға бүлінген нысандарды техникалық тексеру, бағалау, шығын көлемін анықтау жұмыстарын жүйелі түрде, тездетіп жүргізуді тапсырды.
Бұдан бөлек, Ербол Қарашөкеев Жаңатас-Саудакент автожолының су тасқынынан кейінгі жағдайын көрді. Бір апта ішінде облыстық маңызы бар жолды қалпына келтіру керектігін ескертті.
Еске сала кетейік, 7 шілде күні Сарысу ауданы аумағында қатты жауын-шашын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, 400 аула, 47 жеке тұрғын үй мен бір мектептің жертөлесін су басқан болатын.
Жедел қабылданған шаралар нәтижесінде төтенше жағдай департаменті мен жергілікті атқарушы органдар суды бұру және айдау, сондай-ақ арық желісін нығайту жұмыстарын жүргізді.
Жалпы, 20 100 текше метр су сорылды. Оқиға орнына 300-ге жуық қызметкер, 67 техника, 39 мотопомпа, 1 су сорғыш құрал жұмылдырылды.
Сарысу ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, қазіргі таңда арнайы құрылған комиссиямен шығындарды есептеу жұмыстары жүруде.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
10.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 101
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 60
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 167
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 148
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 561
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 529
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 551
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 548
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 543
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 560
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 547

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9795
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9167
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12404
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10171
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11380