Бүгін түстен кейін аудан әкімі Сәкен Мамытовтың тұрғындармен есептік кездесу Жаңаталап ауылдық округінде жалғасты. Кездесу барысында 2023 жылы ауданда атқарылған жұмыстар мен биылғы жылы атқарылатын жұмыстар баяндалды.
Жаңаталап ауылдық округінде де бірқатар жобалар жүзеге асқан. Бұл жөнінде аудан басшысы өз баяндамасында айтып өтті.
Тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған "Ауыл аманаты" жобасына 2023 жылы Жаңаталап ауылдық округі енгізілген. Жобаның жақсылығын Жаңаталаптықтар да көруде.
«Ауыл - Ел бесігі» жобасымен Жаңаталап орта мектебінің спорт зал мен жапсарлас асхана және мәжіліс залының құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жол жөндеу жұмыстарына байланысты ауданда іске асқан 10 жобаның ішінде осы округтің де көшелері бар.
Жаңатас қаласы және елді мекендерді газбен қамту жобасы іске асырылуда. Бұл жобаның ішінде Ұйым, Жаңаталап ауылдары да бар.
Ұйым ауылында орналасқан «Жаңа кәрітоған», «Сарыөзек» каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, Жаңаталап, Ұйым ауылдарына спорт алаңшаларын салу, Тұрмыстық қалдықтар тастау орнының құрылысы жүргізу, Жаңаталап ауылына кіре беріс жолды жөндеу жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ, Ұйым ауылы Ғ. Мұратбаев көшесі жарығын көше шетіне дейін жеткізу, Жаңаталап және Ұйым ауылдарына Стритворкаут құрылғысын және балалар ойын алаңшасын орнату, - Жаңаталап ауылына МІҚ малдарына арналған раскол салу, округте үй жануарларына тоғытпа (купка) салу, Жаңаталап және Ұйым ауылдарында «Тасарық» каналынан жеңіл және жүк көліктері өтетін 2 көпірге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу сияқты жұмыстарда қолға алынып отыр.
Кездесуде тұрғындар тарапынан Талас өзенінің суы, жер, жайылымдық мәселелері өзге де жеке мәселелер көтерілді.
Көтерілген мәселелер бойынша тиісті жауаптар берілді. Кейбір мәселелер бақылауда болып жұмыс жасалатындығы айтылды.
Жиынға қатысқан ауыл тұрғындары ауданда атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық деген бағасын берді.
Жиыннан соң Сәкен Үмбетұлы жеке мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдау өткізді.