Этносаяси мәселелер — басты назарда

Этносаяси мәселелер — басты назарда

2022 жылғы 8 сәуірде Тараз қаласының Достық үйінде . «Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру» тақырыбында облыстық үш күндік семинар-тренинг аяқталды.

Іс-шараға этносаралық этноәлеуметтік шиеленіс картасына кіретін Жамбыл облысының аудан әкімдері және ауылдық округ әкімдері, білім бөлімдерінің басшылары және ҚР құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Ұйымдастырушылар — ҚР БП, ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ, ҚР АҚДМ ЭҚДК, ҚЭЗИ және Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы.

Семинар-тренингті өткізудегі мақсат – көпэтносты өңірлердің өзекті проблемаларын және этностық топтар жинақы тұратын жерлердегі мемлекеттік органдар мен тұрғындардың өзара іс-қимылын талқылау. Сондай-ақ, көпэтносты ортаға толерантты мінез-құлықты дарыту үшін жастар мен жасөспірімдерді құқықтық тәрбиелеу. Басты міндеті -этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру болды. Үш күндік семинар-тренинг бағдарламасы маңызды дәрістермен, ашық талқылаулармен мәнді болды.

Іс-шараны өткізу кезеңінде қатысушылар, атап айтқанда, аудан және ауылдық округ әкімдері, білім беру жүйесі мен күштік құрылымдардың өкілдері  этносаясаттың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады.  Олар жастар ортасындағы,  еңбек ұжымдарындағы өзара іс-қимылдар туралы сауалдар  қойып,  кәсіби, тәжірибелі  мамандардан толыққанды жауаптар алды.         Сондай-ақ, жанжалды жағдайларды реттеу тәсілдері туралы да толық ілімге ие болды.

Үш күнгі семинар бойына қатысушылар алдында этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары және мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің өзара ынтымақтастығы туралы негізгі баяндаманы ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы Ғалым Нұрмағамбетұлы Шойкин жасап отырды. Бұдан бөлек, Ғалым Нұрмағамбетұлы Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктер өкілдері және ҚХА мүшелерімен кездесу ұйымдастырып, олармен жүздесіп сұхбаттасты.

Іс-шара соңы қатысушыларға сертификаттар табыстаумен және естелікке фотосессия жасаумен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы
11.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5335
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5492
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20460
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19091
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22552