Бүгін 16 маусым - «Әкелер күні» мерекесіне орай, аудандық мәдениет үйінде «Әке – отбасы тірегі» атты аудандық кездесу-форум өтті.
Форумға айтары бар ардақты ағалар қатысты.
«ӘКЕ ҒИБРАТЫ» тақырыбында Қазақстан Журналистер Одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, Қазақстанның Құрметті журналисі, Мәдениет саласының үздігі, облыстық «Ғұмыр дария» газетінің директоры-бас редакторы Миллионов Жаңабай Миллионұлы "ӘКЕ АСҚАР ТАУЫҢ АЙБЫНДЫ..» тақырыбында жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Халықаралық «Дарабоз» сыйлығының иегері Пернебай Дүйсенбин,
«БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ӘКЕНІҢ РӨЛІ » тақырыбында Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Сарысу ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы Жанат Жұмаділдаев әсерлі әңгіме қозғады.
Форум жұмысын Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Асан Тілемісов жүргізді.
Мағынасы кең, мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор шараның өскелең ұрпақ үшін берері мол.