Ғалымға құрмет – қауымға міндет

Ғалымға құрмет – қауымға міндет
 

Елімізде ғалымдар күнін кәсіби мерекесі ретінде атап өту жақсы дәстүрге айналды. Жыл сайын осы күні ғылым қызметкерлерінің еңбегіне баға беріліп, қол жеткізген жетістіктер сараланады. Ғылымға көңіл бөлу мәселесі де естен шықпайды.

Салтанатты іс-шарада ғалымдар мен жас зерттеушілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректор Талғат Ешенқұлов осыны атап өтті. Оқу орнының ғылыми әлеуетінің жыл өткен сайын артып келе жатқанын тілге тиек етті.

Бұл – оқытушы-профессорлар құрамының талай жылғы ізденістері жемісін көрген күн болды десек, артық айтқандық емес. Ғалымдар зерттеу жұмыстарының бағыттарына қарай, арнайы төсбелгілерімен марапатталды.

Солардың ішінде «Үздік автокөлікші», «Құрметті машина жасаушы», «Мұнай, газ кешенін дамытудағы үлесі медалі» және тағы да басқа көп салалы атаулы төсбелгілердің атауының өзі – кадр даярлауда өңірлік университеттің еңбек нарығына қандай үлес қосып отырғанын көрсетті.

Сондай-ақ салтанатты жиында көптеген профессор-оқытушылар Жамбыл облысы әкімінің және Жамбыл облысының Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен, Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталды. Университет ректорының, Amanat партиясының атынан құрмет көрсетіліп, марапатталғандардың да қатары көп.

Жалпы ғалымдардың кәсіби мерекесіне арналған, ғылымды дәріптеуге бағытталған іс-шаралар оқу орнында бірнеше күннен бері жалғасып келеді. Кеше университеттің бас ғимаратында оқу орнының ғылыми жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Білім-ғылым саласының дамуы – жастардың ынта-ықыласына байланысты нәрсе екені түсінікті. Шаһардағы мектеп бітіруші түлектер көрмені келіп тамашалауға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ университет ғалымдары Тараз қаласындағы жалпы саны 28 мектепке 4 оқытушы арнайы барып, оқушыларға дәріс оқыды. «Мен ғылымға құштармын» атты флешмоб ұйымдастырылып, түрлі тақырыптық ашық дәрістер өткізілді.

Ғылым қызметкерлерінің еңбегін бағалау – ғалымдардың қоғамдағы мәртебесін көтеруге ықпал етеді. Зерттеушілерге кең көлемде қолдау көрсетілсе – ғылымға да кең өріс ашылып, дамиды. Ал ғылымның барлық жетістіктері  адамзат игіліктеріне арналған.

12.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 74
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803