Музыка – балаға эстетикалық тәрбие беру құралы

Музыка – балаға эстетикалық тәрбие беру құралы

Музыка – балаға эстетикалық тәрбие беру құралы

Музыка балаларға ерте жастан серік болып, тұлға болып  қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Музыка жасөспірімдерге әлемді танып-білуге көмектесіп, сезімді дамытады және қиялды ынталандырады. Әуендер мен ырғақтар көңіл күйге ғана емес, ойлау қабілетіне де ықпал етіп, үйлесімді өсудің негізін қалайды. Ғылыми зерттеулер музыкамен айналысатын немесе үнемі тыңдайтын балалардың тілді тез меңгеріп, зейіні жоғарырақ болатынын дәлелдейді. Олар оқу тапсырмаларын жеңіл игереді әрі есте сақтау қабілеті арта түседі. Осылайша, дыбыс өнері тәрбиелеу мен оқытудың қуатты құралына айнала алады. Сондықтан оның бала дамуына әсерін жан-жақты қарастыру маңызды. 

Осы орайда елімізде балалар музыка мектептерін ашудың маңызы зор.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында қосымша білім беруді өсіп келе жатқан ұрпақтың жан-жақты тәрбиесінің негізгі элементі ретінде дамыту қажет екенін атап өтті. Ол білім мен тәрбие қатар жүруі тиіс екенін айтты. Сонымен қатар Президент еліміз бойынша  заманауи технологиялармен толық қамтамасыз етілген мектептер ашу мәселесін көтерген болатын. Соңғы үлгідегі құрал-жабдықтары бар шығармашылық орталықтар оқушы қабілетін жетілдіріп, дарынын шыңдауды бастап та кетті. Биыл Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде заманауи үлгідегі Балалар музыка мектебі ашылды. Салтанатты шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов арнайы қатысып, ұжымды жаңа оқу ордасымен құттықтады. ҚР Оқу-ағарту министрі бұл — Ұлан ауданы үшін маңызды оқиға әрі шығармашылыққа бейім балалардың қабілеттерін дамытып, өнерге деген қызығушылығын арттырып, сапалы білім алуына үлкен мүмкіндік екендігін атап өтті. Шығыс Қазақстан облысы балаларды қосымша біліммен қамту бойынша республикада алдыңғы қатарда — бұл көрсеткіш 94%-ды құрайды. Жаңа ғимаратқа дейін музыка мектебі балалар шығармашылығы үйінің ішінде орналасқан болатын. Енді мектептің өз алдына бөлек, толыққанды жабдықталған, кең әрі заманауи ғимараты пайда болды. Бұл — оқушылар мен ұстаздар үшін шығармашылықпен еркін айналысуға арналған жаңа мүмкіндік. Музыка мектебі мен Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының арасындағы серіктестік 2019 жылдан басталды. Сол жылы мектепке флейта, цифрлы фортепиано, саксофон, альт-саксофон, гитара, виолончель, скрипка, прима қобыз, домбыра сынды аспаптар сатып алынды. 2021 жылы сыбызғы, сазсырнай, шанқобыз және тағы басқа дәстүрлі аспаптармен толықтырылды. Домбыра, жетіген, қылқобыз, фортепиано, скрипка, вокал, хореография, театр өнері секілді 15 бағытта оқушылардың шығармашылығы дамытылуда.  Шығыс Қазақстан облысында бүгінде 5645 бала қамтылған 16 музыка мектебі жұмыс істейді. Олардың ішінде №1 балалар музыка мектебі ЮНЕСКО клубтары Республикалық рейтингісінің «Республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары санында көшбасшылар» номинациясы бойынша бес дүркін лауреат атанған. Мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау мақсатында Қордың бастамасымен белгілі қазақстандық композитор Еділ Хусаинов арнайы шақырылып, мектеп ұстаздарына арналған оқыту бағдарламасын іске қосты.  Жаңа мектеп ғимаратында 14 оқу кабинеті, айналар мен станоктармен жабдықталған хореография залы, сондай-ақ 126 орындық LED-экранды концерт залы бар — бұл мәдени және оқу іс-шараларын жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Жаңа мектептің ашылуы – жас өнерпаздар үшін үлкен мүмкіндік, ал өңірдің мәдени өмірі үшін – тың серпін!

Г.Тұрлыбекова
17.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 578
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 747

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19508
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19325
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34451
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33009
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36827