ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК — ЖАНАШЫРЛЫҚ БЕЛГІСІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК — ЖАНАШЫРЛЫҚ БЕЛГІСІ

Дағдарыстар мен табиғи апаттар орын алған жағдайда елдер арасында   гуманитарлық көмек көрсету маңызды рөл атқарады. Қиын сәттерде елдердің ынтымақтастығы мен бір-біріне көмектесуге дайын екендіктерін, ұлы адами құндылықтарын көрсетеді. Мұндай ізгі іс жасауда біздің Орталық Азия елдері, соның ішінде Өзбекстан мен Қазақстан ешқашан қарап қалған емес.

Бүгінгі таңда Қазақстанда болып жатқан табиғи апатқа байланысты Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың бастамасымен  Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмек жіберілді. Бұл халықтар арасындағы достықтың нышаны деп санаймыз.  Сонымен қатар өзбекстандық қазақтар да  қандастардың өміріне қауіп төнгеніне, инфрақұрылымдардың бұзылуына жай ғана қарап отыра алмады. Осындай уақытта зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін шұғыл гуманитарлық көмек көрсетуге тырысты.

Өзбекстан Қазақ ұлттық мәдени орталығының белсенділері мен өзбек блогерлері осындай игі істерді атқарғанын атап өткен орынды. Осы азаматтардың арқасында халық бірігіп, өздерінің адамилық қасиеттерін, қандай жағдайда да бауырлас әрі қандастармен бірге екенін көрсетті.   

Гуманитарлық көмек арқылы Өзбек елі қазақстандықтарға кез-келген қиындықтарды жеңуде бірге екенін, жанашырлық сезімдерін жеткізді. Мемлекет басшылары Шавкат Мирзияев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың  жуырда телефон арқылы болған диалогы да бауырлас елдер арасындағы достық қарым-қатынастың жарқын дәлелі десек артық болмас.

 

Айгүл ЕРКІН, журналист.

Ташкент.       

27.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 69
ТӨЛЕБИДЕ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 48
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 61

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1356
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7400
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11269
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7453
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7606