«Ғылым – ғажайып әлем» интерактивті көрмесі

«Ғылым – ғажайып әлем»  интерактивті көрмесі

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – қазақ халқының ұлы ғалымы. Ол кісінің жерасты қазба байлығын зерттеудегі, оны іске жаратудағы еңбегі өлшеусіз. Еліміздің жерасты байлығын барлап, оны ел игілігіне айналдырған ғалымның геологиядан бөлек, металлургия, ауылшаруашылығы, білім саласына қосқан жаңалығы бір төбе! Біреу білер, біреу білмес, Қаныш атамыздың шын есімі  Ғабдол-Ғани болған. Анасы еркелетіп, Қаныш деп атап кеткен екен. Ол кісі жазушы Мұхтар Әуезовпен жақын дос болған. Музыканы жақсы көріп, домбырамен ән салған. Өз ұлтының салт-дәстүріне жетік болған. 

Қаныш Имантайұлының орасан ғылыми еңбегінің биік шыңы – Орталық Қазақстанның металлогендік болжам картасын жасауы. Кен орындарын алақандағыдай көрсеткен карта геологтар үшін дайын бағдар болды. Алайда, сол кезде академик қазақ жеріндегі бес бірдей кен орнын «жетілмеген» деген желеумен картаға қосқызбайды. Техника ғылымдарының докторы, академик Маржан Нұрпейісова бұл жайлы былай әңгімелейді. «Араласып тұратын жолдастары Мұхтар Әуезов пен Әлкей Марғұлан және Сауранбаев деген сол кездегі қазақтың зиялыларына бір отырыста «Бес кен орнын тығып қойдым, әдейі, анағанда картаға қосқам жоқ, өйткені оны кейінгі ұрпаққа қалдырдым» депті. Не деген көзсіз ерлік! Болашақты ойлаған не деген кемеңгерлік! 

Қаныш Сәтбаев 1961 жылы Ғылым Академиясының кезекті сессиясында кен байлықтарымызды ысырапсыз, кешенді түрде өңдеу туралы бастама көтереді. Пайдалы компоненттерді алып, қалған бос тау жыныстарын құрылыс материалдарына қолдану қажеттігін айтады. Өкінішке қарай, ғалым 1964 жылы қайтыс болып, бұл бастамасы аяқсыз қалады.

12 сәуір күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Білім басқармасының қолдауымен, елордалық STEM академиясы, Robototek мектебі, DronEd, «Sana» жаңа ұрпақ орталығы, кәсіптік бағдар беру орталығы, Қ.И.Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейінің қатысуымен «Ғылым – ғажайып әлем» интерактивті жетістіктер көрмесі өткізілді. 

Аталған  іс-шара Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, көрнекті академик Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай ғылым жетістіктерін кеңінен насихаттау, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытып, интеллектуалдық және мәдени деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Көрме келушілердің жас ерекшелігі мен талғамына сай төрт қабатта орналастырылды. Келушілер академик Қ.Сәтбаевтың өмірі мен қызметіне арналған «Қазақтың Қанышына – 125 жыл» көшпелі музейін, Қ.Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейі дайындаған  «Қазақтың Қанышы» театрландырылған қойылымын тамашалады. Сонымен қатар, көрме аясында  жас зерттеушілер өз жобаларын  қорғайтын II қалалық «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан» конкурсы, қызықты макеттерін ұсынатын «Ғылымдағы дебют» байқауы да өткізілді. 

Көрмені ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Қуанышұлы Тұрсынов құттықтау сөзімен ашты: 

«Құрметті жас дарындар, қонақтар! Сіздерді академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығымен және ғылыми қызметкерлер күнімен құттықтаймын. Қазіргі таңда ғылым –  адамзаттың болашағына қажетті басты шарттың бірі. Ғылымды дамыту және танымал ету – адам өмірінің барлық салаларын жаңартудың ең үлкен факторы. Жас зерттеушілер! Білім алуға, ғылыми жаңалықтар ашуға деген құлшыныстарыңыз арта берсін! Мемлекетімізді білім мен ғылымның отаны ретінде таныта біліңіздер!» – деді ол.

Қазақстандағы ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тұр. Ол бүкіл саналы ғұмырын туған елінің ғылымы мен оның дамуына арнады.

Келушілер назарына ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақтың Қанышына – 125 жыл» атты көшпелі көрме ұсынылды. Қатысушылар академик Қаныш Имантайұлының мұражайындағы жәдігерлерімен танысып, №61 мектеп-лицейі ұжымы дайындаған «Қазақтың Қанышы» театрландырылған қойылымын тамашалады. Сондай-ақ, көрмеде өмір сүру сапасын жақсартатын және заманауи адамның жаңа мүмкіндіктеріне жол ашатын ғылым жетістіктері келушілерге қарапайым да түсінікті тілде баяндалды.

Көрме ашық және қолжетімді. Бұл оның негізгі ерекшелігі және  кең аудиторияға – оқушыларға, студенттерге, ата-аналарға және барлығына арналғандығынан. Ең бастысы,  кез келген адамның керемет жаңалықтардың  куәсі әрі қатысушысы болуына мүмкіндік беретінімен құнды.

Интерактивті көрме бағдарламасына әркім белсенді қатыса алатын 9 аймақтан тұратын түрлі форматтағы іс-шаралар кіреді: ғылыми жобалардың тұсаукесері, интеллектуалды ойындар, ойын-сауық аймақтары, TEDx форматындағы қойылымдарға арналған алаңдар және т.б. бар. 

Қатысушылар мен қонақтар танымпаздық пен біліктілік, тапқырлық танытуда белсенділік көрсетіп, тың ғылыми біліммен сусындай алды.

Ғылымды дамыту және танымал ету – адам өмірінің барлық салаларын жаңарту және жастарды қоғам өміріне тартудың маңызды факторы екені даусыз.  

 Оқушылар мен қонақтар Роботек, STEM, Астана Хаб Drone Tech орталығы, «SANA» жаңа ұрпақ орталығы, ALPHA Academy компаниясы, «American Corner and Maker Space Astana» орталығы жұмыстарына  зор  ықылас танытты. Әсіресе зымыран жасау алаңы ерекше қызығушылық тудырды. Балалардың  қолда бар құралдардан өздері  жасап, өздері ұшырған  зымырандары оларды ерекше көңіл күйге бөледі.  

Көрме  алаңдарының  бірінде  орналасқан  химиялық шоу  да қонақтарды бірден баурап алды. Жиылған үлкен де, кіші де шоуға белсене қатысты.

Айта кетсек, Ғылым күні жарқын және есте қаларлық болып, әрбір оқушының қабілетін ашып, жоғары технологиялы, бәсекеге қабілетті әлемде өмір сүруге дайын жеке тұлғаны тәрбиелеуді көздеген мақсатына жетті. Іс-шара барлық келушілер үшін үлкен мерекеге айналды.              

«Ғылым күні» өткізілген іс-шара өте әсерлі және ерекше есте қаларлықтай болғаны анық!

«Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» қалалық ғылыми жоба байқауы да мәресіне жетті. «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Қаныш Сәтбаев атындағы № 61 мектеп лицейімен бірлесе отырып ІІ «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» қалалық ғылыми жоба байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты: Қаныш Сәтбаев мұрасын кеңінен насихаттай отырып, Қазақстанның дамуындағы ғалымның ғылыми мол мұрасын дәріптеу.

Елорданың 8-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып отырған ІІ «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» қалалық ғылыми жоба байқауына қатысқан 38 оқушы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

1. Қаныш және жаратылыстану ғылымы бағыты бойынша:

I орын – 1;

II орын – 2;

III орын – 5;

Грамота – 4.

2. Қаныш Сәтбаев мұрасы (тарих, әдебиет, музыка) бағыты бойынша:

I орын – 1;

II орын – 3;

III орын – 6;

Грамота – 5.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының І, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталды. Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Қ.Сәтбаев университетінің профессоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы Әділхан Байбатша: 

«Мәселен қазір уран өндіріп жатырмыз. Әлемде біз уран өндірісі бойынша бірінші орын аламыз. Осы туралы 30-жылдары Сәтбаев айтып кеткен.

Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасынан бөлек Қазақ тілінде «Алгебра»  оқулығын жазып, Ұлытау өңіріндегі тарихи, мәдени және археологиялық ескерткіштерді зерттеуге көңіл бөлді. Ғалымның көп саласындағы жетістіктері үшін 1979 жылы аспан әлеміндегі бір кіші ғаламшар Сәтбаевтың атымен аталды», – деді.

 

Нағашыбай Қабылбек

 

16.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 204
Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 09.12.2024 46
ЖОЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 219
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 219
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 237
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 219
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 207
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 203
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 226
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 215
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 223

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10500
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9481
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12716
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11686
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16699