«ИГІЛІКТЕ АТҚАРЫЛҒАН ИГІ ІС КӨП»

«ИГІЛІКТЕ АТҚАРЫЛҒАН ИГІ ІС КӨП»

 

 0

Бұл туралы Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев Игілік ауылдық округінің тұрғындары алдындағы есептік кездесуінде айтты.

Өндіріс ауылдық клубында өткен жиынға ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауыл тұрғындары мен бірқатар жауапты сала мамандары қатысты. Кездесуді аудандық мәслихаттың төрағасы Асанбай Сейналиев жүргізіп, жұмыс регламенті бойынша әуелі сөз кезегін округ әкімі Жандос Жанайдаровқа берді.

 

🔹Округте атқарылған жұмыстар бойынша баяндамаға сүйенсек, өткен жылы ауыл шаруалары мембағдарлама аясында лизингке 4 бірлік техника мен қосалқы жабдық сатып алған. Сондай-ақ, «Игілік» ӨК 11,5 млн. теңге субсидияға жайылымдарды суландыру және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету бойынша құдық қаздырған. Мұнымен қоса 20 ауыл тұрғыны 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грантқа қол жеткізген.

🔹Есептік жиында аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы Игілік ауындағы атқарылған, әрі жалғасын таба беретін игі істерді қамти отырып, аудандағы шемімін тапқан күрмеулі мәселелерді кеңірек баяндады. Аудан басшысы сарысулытардың көмірден, көгілдір отынға көшетін күнінің де ауылы алыс емес екендігін алға тартты. Ол үшін «Аумақты дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2,2 млрд. теңгеге 8 елді мекенде, оның ішінде Игілік пен Өндірісте газ құбырлары тартылғандығын атап өтті. Екі кезеңнен тұратын ауқымды жоба толық жүзеге асса, 2023 жылы газдандыру шаралары аяқталып қалатындығын айтты.

🔹Баяндама аяқталған соң жарыс сөзде бірінші болып сөз алған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қойшыбай Жүсіпалиев аудан басшысынан суармалы жерлерді тегістеу үшін аудандағы ірі кәсіпорындардан белгілі бір мерзімге пайдалануға арнайы техника (грейдер) алып беруге ықпал етуін сұрады. Бұл ретте Марат Қырғызәліұлы ауыл шаруаларының өтініші орындалатынын айтып, ешқандай мәселе тудырмайтынын жеткізді.

Кездесуде келесі сөзді зейнет Мейрамбек Дүрменаев алып, аудан әкімінен Өндіріс ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстары қашан жүргізілетіндігін сұрады. Бұл сұраққа жиынға қатысқан аудан әкімдігі Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Жақсыпейілова жауап берді. Сала маманының айтуынша, аталған клуб ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 4 млн. теңге қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжат әзірлеу жұмыстары басталып кеткен.

 

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 97
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 107
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 339
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 567
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 514

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9217
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8613
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11839
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9609
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10822