II Орталық Азия медиафорумы – келелі істердің бастауы

II Орталық Азия  медиафорумы – келелі істердің бастауы

16 сәуір күні Астанада II Орталық Азия медиафорумы басталды. Форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Қатар, Ресей және басқа да  елдерден  журналистер, медиа компания басшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен беделді сарапшылардан тұратын  700-ден астам қатысушы жиналды. Бұл медиафорумның  беделін асқақтатып тұр.

Форумның мақсаты да белгілі. Орталық Азия медиа өкілдері мен халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, цифрлық трансформацияның өңірлік ақпараттық кеңістікке әсерін талқылау, сондай-ақ климаттың өзгеруі мен геосаяси тұрақсыздық сияқты жаһандық сын-қатерлерді қарастыру.

Форум Орталық Азия елдерінің ақпарат министрлерінің жұмыс бабы бойынша кездесуінен басталды.

II Орталық Азия медиафорумы аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Орталық Азия елдерінің медиа саласы мекемелері мен салалық ведомстволарының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Соның ішінде, атап айтсақ, министр Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры Асаджон Ходжаевпен кездесіп, Қазақстанның Орталық Азия өңірінде бірыңғай ақпараттық кеңістікті нығайтуды үнемі қолдайтынын атап өтті. Тараптар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және өзара тәжірибелік байланысты дамыту мақсатында ақпараттық саладағы әріптестікті нығайтуға бағытталған бірлескен хаттамаға қол қойды.

Ал Әзербайжан Республикасының Медиа дамыту агенттігінің атқарушы директоры Ахмед Исмайловпен өткен келіссөздер барысында тараптар халықтар арасындағы жақындасу мен ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыруда мәдениет, білім беру мен медианың маңызды рөлін атап өтті. Бұл отырыстарда тең дәрежелі ақпарат тарату мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Әзербайжанның «CBC TV» телеарнасын еліміздің аумағында тіркеу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ Аида Балаева CNN-нің Орталық Азия және Африка бойынша өкілі Сайед Имран Ахмадпен кездесті. Тараптар тележурналистика мен медиа саласын дамытуға бағытталған екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жоспарлары мен перспективаларын да талқылады.

Жалғасын газетіміздің келесі санынан оқитын боласыздар.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК

 

16.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4929
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20053
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18697
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22155