«Имантау-Шалқар» курортын қалай дамытамыз?

«Имантау-Шалқар» курортын  қалай дамытамыз?

Облыс аумағындағы «Ботай қонысы» – жылқыны алғаш қолға үйреткен орын, Айыртау ауданында энциклопедист-ғалым Шоқан Уәлихановтың балалық шағы өткен «Айғаным қонысы», Қызылжар ауданында Ақ-Ирий қалашығы және Уәлиханов ауданында Алтын Орда дәуіріне жататын Қызыл-Оба ескерткіші сияқты тарихи маңызы зор нысандар орналасқан.

«Бұл жерлердің туристік әлеуеті зор, дегенмен олар әлі күнге дейін қазақстандықтардың кең ауқымына таныс емес. Біздің мақсатымыз – өңірдің туристік мүмкіндіктерін кеңінен насихаттап, Солтүстік Қазақстан облысын саяхаттауға қолайлы бағыт ретінде қалыптастыру. Ол үшін жүйелі жұмыс пен барлық байланыс арналарын қамтитын ақпараттық науқан қажет», – деп есептейді  өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.

Сондай-ақ өңірдің әкімдігі облыс орталығындағы Қазақстан Конституциясы көшесіне ресми мәртебе беріп, оны әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі ретінде тануға тырысып жатыр. 

«Бұл атақты ресми түрде тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл локацияны қаланың туристік брендіне және тарих, мәдениет пен заманауи өмірдің тоғысқан нышанына айналдырады», – дейді облыс әкімі.

Соған орай Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың қатысуымен Имантау – Шалқар курорттық аймағындағы туризмді дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Жиынға Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жұмағұлов Жүсіп Рахатұлы төрағалық етті.  Кеңес жұмысына сондай-ақ «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, «ZOLO Group» компаниясының өкілдері және облыстық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Кездесу барысында туристік инфрақұрылымды жетілдіру, инвестиция тарту және Имантау – Шалқар курорттық аймағының туристер үшін тартымдылығын арттыру мәселелері қаралды. Елдегі басым туристік бағыттардың бірі саналатын бұл өңірді одан әрі дамытуға бағытталған шараларға ерекше назар аударылды. «ZOLO Group» компаниясының бас директоры Юлия Золотых туристік бағыттарды кешенді түрде дамыту және демалушыларға қолайлы әрі заманауи орта қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өңірдің туристік әлеуетін толық ашуға және көрсетілетін туристік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен өзара ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Нұрсайын ШӘРІП,

(СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі материалдары бойынша әзірленді)

 

18.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25935
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25380
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42784
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38614
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43181